Атырау, 26 желтоқсан 11:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Әлеуметтік жарна болу керек

3 212 просмотра

- Қазір сәби күтіміне байланысты декреттік демалыстамын. Мамыр айында жыл жарым уақыт толады, содан соң жұмысқа шығуға тиіспін. Алайда қазір қайтадан жүкті болдым. Ал басшылық бірнеше ай жұмыс жасап, кейін қайтадан декретке шыққанымды қаламай отыр. Маған тиесілі босанғанға дейінгі және кейінгі төлемдерімді, сондай-ақ егер мен жұмысқа шықсам және шықпаған жағдайда екінші сәбиімнің күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны қалай аламын?

Телефон арқылы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Мәншүк ЛЕПЕСОВАНЫҢ айтуынша, кешікпей «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» заңға өзгерістер енбек, алайда әзірге олар бекітілген жоқ. Сондықтан қазір өз күшіндегі ережелерді негізге алу керек. Жүктілігі және босануы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде 12 айда бөлінген әлеуметтік жарналар есепке алынады. Оны 12-ге бөледі. Бұл жағдайда әйел бірнеше ай жұмыс жасағысы келеді, демек нақты жұмыс жасаған уақыттағы әлеуметтік жарналар есептелетін болады, бұл тіпті 2-3 ай болса да. Бұл сома аз болуы мүмкін, бірақ ештеңе алмағаннан жақсы ғой. Егер әйел декреттік демалыстан мүлдем шықпаса, яғни, әлеуметтік жарналар бөлінетін еңбекақы алмайтын болса, босанғаны бойынша жәрдемақыны ала алмайды. Сәби күтіміне байланысты жәрдемақы өзгеше есептеледі. 24-ке бөлінетін 24 айдың кірісі болуы керек. Қалай болғанда да, әйелге жұмысқа шығып, азғана уақыт болса да жұмыс істеген тиімдірек. Ол жәрдемақы төлеу кезінде ескерілетін болады.    

9 наурыз 2011, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.