Атырау, 24 желтоқсан 23:34
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырауда

Қамыс өртінен Құрсайдағы аулалар зардап шекті Атырауда

Қамыс өртінен Құрсайдағы аулалар зардап шекті

Қала маңындағы Құрсай елді мекенінде қамыс өртеніп, 20 отбасы зардап шекті. Тілсіз жау сол маңайдағы үйлердің аулаларына дейін жетіп, тұрғындардың сарайлары, жылыжайы, енді бірінің жинаған мүлкі мен құрылыс материалдары, жеміс ағаштары өртке оранған. Сурет Бейнежазба 4 сәуір 2023, 15:39 1 660 рет қаралды
Делдалдар тізбегі анықталып жатыр Атырауда

Делдалдар тізбегі анықталып жатыр

19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2022 жылы «Тұрақтандыру қору» шеңберінде қосымша 2 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, жалпы 3,9 млрд теңгеге толықтырылды, - деп хабарлады Атырау облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы Нұрбол ЖАҢАБЕКОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 22 ақпан 2023, 19:24 902 рет қаралды
Белсенділер Жайықтың таяздануы, «қоқыс» тарифі және т.б. мәселені көтерді Атырауда

Белсенділер Жайықтың таяздануы, «қоқыс» тарифі және т.б. мәселені көтерді

Экология белсенділері қалалық қоғамдық тамақтану нүктелеріне сенсорлық шүмектер орнатуды міндеттеуді және Жайықтан жазғы уақытта қаладағы жасыл желектерді су тасығыштармен суаруды тоқтатып, басқа әдіспен алмастыруды ұсынды. 29 қаңтар 2023, 19:02 1 421 рет қаралды
Бұл жерде Азамат соғысы жылдарындағы патрондар да, Алтын Орда дәуіріндегі монеталар да бар Атырауда

Бұл жерде Азамат соғысы жылдарындағы патрондар да, Алтын Орда дәуіріндегі монеталар да бар

Махамбет ауданына қарасты Есбол орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Жалғас ТАҢАТОВ мектеп оқушыларын археологиялық қазба жұмыстарына тарта отырып, ауыл аумағынан көптеген тарихи жәдігерлер тапты.  Сурет 16 қаңтар 2023, 12:38 1 888 рет қаралды
 Атырау ЖЭО «сары» санатта: жылыту маусымының тексеру қорытындысы Атырауда

Атырау ЖЭО «сары» санатта: жылыту маусымының тексеру қорытындысы

Ақорданың баспасөз қызметі қысқы жылыту маусымы бойынша тексеру қорытындысын жариялады.  37 жылу электр орталығының 19 ЖЭО қауіптілігі жоғары «қызыл», 11 ЖЭО «сары» және 7 ЖЭО «жасыл» санатқа кірді. Айта кетсек, бұл деректерді сейсенбідегі үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы Болат Ақшолақов та келтірген еді. Министрдің көрсеткен инфографикасына сай Атырау жылу электр орталығының 54 пайыздайы тозып, "сары" санатқа енген. Төменде Ақорданың есебін ұсынып отырмыз. 21 желтоқсан 2022, 10:56 1 208 рет қаралды
Қарабатанда пайда болған қандай «көл»? Атырауда

Қарабатанда пайда болған қандай «көл»?

Әлеуметтік желілерде қала іргесіндегі Қарабатан жанындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көлдің түзілгені туралы ақпарат пайда болды. Осы су қоймасының суреттері мен видеолары тарап жатыр. Сурет Бейнежазба 2 желтоқсан 2022, 17:07 2 278 рет қаралды
Серік Шәпкенов: «Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою керек, әйтпесе әділетті қоғам орнамайды» Билік

Серік Шәпкенов: «Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою керек, әйтпесе әділетті қоғам орнамайды»

Атырауда аймақ басшысы Серік ШӘПКЕНОВТІҢ төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде облыс әкімдігі жанындағы ведомоствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, қалалар мен аудан әкімдері қатысты. Сурет 25 қараша 2022, 17:12 1 640 рет қаралды
Атыраудың жеке секторындағы орталық кәріз: жоспар бар, ақша жоқ Атырауда

Атыраудың жеке секторындағы орталық кәріз: жоспар бар, ақша жоқ

Былтыр облыстық мәслихат отырысының бірінде қала билігі жеке секторда кәріз жүйелерін тарту бағдарламасын ұсынған болатын. Бұл ТКШ саласындағы нағыз серпіліс болар еді: жеке сектордың тұрғындары септиктерден, дөрекі айтқанда, аулаларындағы қоқыс шұңқырларынан құтылар еді. Бірақ әзірге мұның бәрі ниет деңгейінде қалып отыр. 21 қараша 2022, 14:37 1 285 рет қаралды
Өліммен және басқа да қауіптермен жарысқан жүргізушілер Атырауда

Өліммен және басқа да қауіптермен жарысқан жүргізушілер

Сағат 8.30. Жедел жәрдем станциясы. Бригадалардың ауысым уақыты. Фельдшерлер барлық медикке тән тәртіппен қозғалыс жасап, есеп беріп жатыр. Осы қарбалас тірліктен сырт фельдшерлердің шымқай қызыл костюмдері мен сары жедел жәрдем көліктерінің арасында байқала қоймайтын жүргізушілер жаймен ғана өзара әңгімелерін айтып тұр. Әдетте, олар марапат алмайды, баспасөздің назарына да үйренбеген. Бірақ бүкіл жедел жәрдем бригадасының 50% жетістігі олардың кәсібилігіне, төзімділігіне және шыдамдылығына байланысты. Өмір мен өлім мәселесіне келгенде, жылдамдық шешуші рөл атқарады. 16 қараша 2022, 13:52 1 598 рет қаралды
Атырауда сұйытылған газ санаулы жанармай құю бекеттерінде ғана бар Атырауда

Атырауда сұйытылған газ санаулы жанармай құю бекеттерінде ғана бар

Атырауда бірнеше күн бұрынкөлік жүргізушілері қаладағы жанармай құю бекеттерінен сұйытылған газ таппай, біраз әуре-сарсаңға түскен болатын. Бүгінгі жағдай қалай? «АЖ» тілшісі анықтап көрді. 15 қараша 2022, 20:56 1 166 рет қаралды
Ата кәсіпті жалғастырған ағаш шебері Атырауда

Ата кәсіпті жалғастырған ағаш шебері

Махамбет ауданына қарасты Сарытоғай ауылында ата кәсіпті жалғастырған Орынғали  САРИЕВ деген ағаш ұстасы тұрады. Ол қазақ халқының ағаш өңдеу өнерін дамытып, оны мектеп оқушыларына да үйретіп келеді. Ұсталық өнер оған атасынан дарыған. Сурет 10 қараша 2022, 10:10 1 958 рет қаралды
Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті» Қоғам

Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті»

Соңғы кездері бет-жүзін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді Атыраудың көшелерінен жиі кездестіреміз. Бұл көпшілікке ұнайды деп айта алмаймын. Неліктен қазір қазақтың халықтық дәстүріне қайшы келетін осы бағытқа бет бұрған әйелдер (негізінен өте жас қыздар) мен қысқа балақты шалбар киген сақалдылар көп екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты. Сурет 28 қазан 2022, 12:35 5 279 рет қаралды
Атырауша дуалау Атырауда

Атырауша дуалау

Әлеуметтік желіде Атыраудағы бейіт басында түсірілген бейнежазба жарияланды. Онда небір дуалау әдісі туралы айтылады. Өзін жын қақты деген бір әйел Сары ата әулиенің қабірінің басында өзінің дуаланғанын айтып, сол жерді көрсетеді.   Сурет 25 қазан 2022, 10:35 2 877 рет қаралды
Құлсары трассасындағы ажалды апат Оқиға

Құлсары трассасындағы ажалды апат

21 қазанда сағат 19:15 шамасында Құлсары-Сарықамыс тас жолында «Нива» мен «Лада» көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Оқиға салдарынан «Ниваның» 64 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сурет Бейнежазба 22 қазан 2022, 13:59 3 249 рет қаралды
Қазақ қызының Дублиндегі өмірі Қоғам

Қазақ қызының Дублиндегі өмірі

Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы: біреулер үшін бұл әлі күнге дейін ұят деп саналса, енді біреулер үшін басқа елдің тумасымен некелесу - мақсат. Көпшілігі үшін - мемлекеттер мен адамдар арасындағы шекараның жойылуы қазіргі замандағы қалыпты жағдай. Ал шын мәнінде ділі басқа, мәдениеті, діні басқа адаммен өмір сүру қалай? Күйеуінің туыстарымен тіл табысып, бөтен елді үйім деп атау қандай болады екен? Сурет 12 қазан 2022, 17:15 2 008 рет қаралды
«Мен босандым, Сәке! Ұлды болдық». Одан әрі - ота үстеліндегі ажал Атырауда

«Мен босандым, Сәке! Ұлды болдық». Одан әрі - ота үстеліндегі ажал

Осы жылдың 17 қаңтарында 37 жастағы Гүлдана ХИНАТУЛЛА Сарыөзектегі №2 Атырау облыстық ауруханасының модульдік бөлімінде төртінші сәбиін дүниеге әкелді. Келесі күні ішінен қан кетіп, реанимацияда ота үстінде көз жұмды. 3 келі 600 грамм салмақта дүниеге аман-сау келген ұл бала қазір нағашы әжесі мен атасының қолында өсіп келеді. Қалған үш ұл қазір әкелерімен бірге тұрып жатыр. Сурет 7 қазан 2022, 16:25 1 843 рет қаралды
«Қалтамда қырық мың рубль мен екі жүз доллардай бар, бірақ Отаным жоқ» Атырауда

«Қалтамда қырық мың рубль мен екі жүз доллардай бар, бірақ Отаным жоқ»

«Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау жариялау туралы» жарлық жақсы таныстарымды да айналып өтпеді. Бейсенбі күні астрахандық достарымыз ұлдарын бірнеше күнге паналатуды өтініп, қоңырау шалды. Жұма күні кешке жігітті вокзалдан күтіп алдық. 27 қыркүйек 2022, 12:09 1 345 рет қаралды
Нұрлан Жантоқов: «Жер астындағы су қорын сақтау үшін ұңғымаларға кран орнату керек» Экология

Нұрлан Жантоқов: «Жер астындағы су қорын сақтау үшін ұңғымаларға кран орнату керек»

Атырау облысының Жылыой ауданы аумағында жер астынан өздігінен шығып жатқан 180 гидрогеологиялық ұңғыма бар. Ұңғымадан атқылаған жер асты суы үлкен көл болып, далаға жайылып жатыр. Жер асты су қоры шексіз емес, бір күні ол да сарқылады. Атырау облысы онсыз да ауыз су тапшылығы қаупінің алдында тұрғанда неге барлық ұңғыманы крандық режимге көшірмеске? Бұл қаншалықты шығынды әрі техникалық жағынан қиын?  14 қыркүйек 2022, 00:01 2 442 рет қаралды
Хаменованың ісі: айыптау актісі Атырауда

Хаменованың ісі: айыптау актісі

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВАНЫҢ ісіне қатысты екінші сот отырысында осы сот процесіне айыптаушы болып қатысқан Атырау облысы прокуратурасы басқармасының прокуроры, кіші әділет кеңесшісі Лаура АСАНОВА айыптау қорытындысын оқыды. 12 тамыз 2022, 16:52 829 рет қаралды
Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады Экология

Экологтар АМӨЗ бен басқа да кәсіпорындарды тексеріп, заң бұзушылықтарды анықтады

Атырау облысы Экология департаменті «Атырау Мұнай өңдеу зауыты», «АЛМЭКС плюс» және «Светланд-ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері секілді ірі кәсіпорындарға профилактикалық бақылау жүргізді. Атап айтқанда, «АМӨЗ» ЖШС-не 5 млн теңгеден астам айыппұл салды. Бұл туралы Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым ТІЛЕГЕНОВ брифингте мәлім етті. Сурет 4 тамыз 2022, 22:13 1 897 рет қаралды
Алыстағы Азғырдың халі нешік? Атырауда

Алыстағы Азғырдың халі нешік?

«АЖ» редакциясына Құрманғазы ауданы Азғыр ауылынан зейнеткерлер хабарласып, алатын зейнетақыларының тек тамақ алуға кететінін, қымбатшылықтың қысып, жағдайларының күннен-күнге нашарлап бара жатқанына шағымданды. 1 тамыз 2022, 16:33 1 807 рет қаралды
Пандемия кезінде туберкулезді емдеуге мүмкіндік болмады Денсаулық

Пандемия кезінде туберкулезді емдеуге мүмкіндік болмады

Қазақстанда соңғы он жылда туберкулез ауруына шалдығу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 5-10 пайызға дейін төмендеп келеді. Бұл туралы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді. Сурет 26 шілде 2022, 18:23 994 рет қаралды
Он бес жанға көбейдік: перзентханадан репортаж Атырауда

Он бес жанға көбейдік: перзентханадан репортаж

Өткен сенбіде ыстық болды. Термометрде 40 градустан төмен болғаны үшін емес, бұл күнді қалалық перзентханада өткізгенім үшін (облыстық перинаталдық орталықпен шатастырмаңыз). Оның үстіне тәжірибем бар, Аллаға шүкір, бес перзентімді дүниеге әкелгенмін. Бірақ тілші ретінде, яғни, сырт көзбен бұл мүлдем басқа сезім екен. Егжей-тегжей баяндайын. Сурет Бейнежазба 21 шілде 2022, 10:30 1 968 рет қаралды