Атырау, 28 қараша 16:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ауылдарда электр желіcі жаңартылып жатыр

1 173 просмотра

2021 жылдан бастап Атырау облысының елді мекендерінде электр желісін жаңарту жұмыстары іске асырылып келеді. Бұл туралы Энергетика жане ТКШ басқармасы басшысы Айдулат КЕНЖЕБЕКОВ мәлім етті.

Электр желісі, атап айтқанда, Береке және Сарыөзек ауылдарында, Махамбет ауылының Мерей жаңа ықшам ауданында және Жалғансай ауылында, Қызылқоға ауданының Кенбай, Жантерек, Мұқыр ауылдарында жүргізіліп отыр. Сондай-ақ Исатай ауданының Томан, Аққыстау ауылдарында, Мақат ауданының Доссор, Мақат кенттерінде, Құрманғазы ауданынының Ақкөл ауылында желі жаңартылған. 

- Бұл бағытта ауқымды жұмыстарды іске асырып отырмыз. Атап айтсақ, Исатай ауданы Аққыстау ауылында 1,9 шақырым 0,4/10 кВ кабель және әуе желісін жүргізіліп, 2 дана 400кВА-КТПГ орнатылып, қолданысқа берілді. Доссор кентінде 1,89 шақырым кабель, әуе желілері, 1 дана 160кВа трасформаторлық подстанция орнатылса, №402 ПМС бекетінде 10,4 шақырым кабель, әуе желілері, 2 дана 100кВа трасформаторлық подстанция орнатылды. Ал Жантерек,  Кенбай, Мұқыр ауылдарында 7,4 шақырым кабель, әуе желілері жүргізіліп, 3 дана 100/160кВа трасформаторлық подстанция орнатылды. Аталған жұмыстар «Бейнеу Газ» ЖШС-мен іске асырылып жатыр, - деді А.Кенжебеков.  

Оның айтуынша, қазіргі таңда Мақат кентінде, Исатай ауданының Томан ауылы мен Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылында 604 дана электр бағаналары орнатылды. Алайда құрылыс барысында жобаға түзетулер енгізілуіне байланысты қалған жұмыстар 2023 жылдың екінші жартыжылдығында жалғастырылады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

31 қаңтар 2023, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.