Атырау, 29 қараша 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Құлсарыдағы көпір қараша айында пайдалануға берілмек

Сурет
1 400 просмотра

Жылыой ауданы Құлсары қаласында Құрсай өзегі үстінен салынып жатқан көпірді қалалықтар асыға күтуде.

Қалада соңғы жылдары көлік саны күрт өсіп, кептеліс туғызып жүрген болатын. Әсіресе, жұмыс күндері орталық Махамбет даңғылында кептеліс орнайды. Соған орай  Нұрманов және Сариев көшелерін Құрсай өзегі арқылы жалғайтын автомобиль жолын салу қолға алынды. Құрылыс жұмысын мердігер «Казкомсервис» ЖШС 2021 жылдың қазан айында бастады. Жоба шеңберінде Құрсай өзегіне жалпы ұзындығы 80 метр көпір және көпірге кірме 210 метр автокөлік жолын жасауға бюджеттен 680 млн 483 мың теңге қаралды.

- Бүгінде жалпы сомасы 467 млн теңге болатын жұмыстың 98 пайызы атқарыла келді. Бұл көпір пайдалануға берілсе, орталықтағы көлік кептелісі болмайды деген сенімдеміз, - дейді аудандық ТКШ басшысы Еркебұлан АҚҚҰСОВ.

Оның айтуынша, ЖШС келісім шарт бойынша жұмысты қыркүйек айында бітіріп, тапсыруы керек болатын. Қазір нысанда жол таңбалау жұмыстары жүріп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор

17 қазан 2022, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.