Атырау, 29 қараша 00:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атыраудың жеке секторындағы орталық кәріз: жоспар бар, ақша жоқ

1 198 просмотра

Былтыр облыстық мәслихат отырысының бірінде қала билігі жеке секторда кәріз жүйесін тарту бағдарламасын ұсынған болатын. Бұл ТКШ саласындағы нағыз серпіліс болар еді: жеке сектордың тұрғындары септиктерден, яғни аулаларындағы қоқыс шұңқырларынан құтылар еді. Бірақ әзірге мұның бәрі ниет деңгейінде қалып отыр.

«АЖ» сауалына Атырау қаласы әкімінің орынбасары Серік НЫСАНБАЕВ былай деп жауап берді: «Бүгінде қаланың екі бөлігінде де жеке тұрғын үйлердің негізгі ғимараттары орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Атап айтқанда, бұл Сарыөзек ауылы, Самал, Нұрсая, Жерұйық, Атырау, Жұмыскер, Рембаза, Сарықамыс, Лесхоз, Өркен, Балауса, Еркінқала және Ракуш ықшам аудандары. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті атқарушы орган 2018 жылы 11 елді мекенге жалпы ұзындығы 112 шақырымды құрайтын кәріз желісін тартуға ЖСҚ жасау туралы шешім қабылдады. Бұл жобаны жүзеге асыру Атырау облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына енгізілген. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 5,9 млрд теңгені құрайды. Бірақ қаржыландыру көзі әлі анықталған жоқ».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

21 қараша 2022, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.