Атырау, 22 желтоқсан 06:41
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау облысында 14 ауылға су жүргізу жұмыстары қолға алынбақ

1 389 рет қаралды

Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Данияр МҮКІШЕВ мәлем етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл Көкарна, Қаракөл, Айдын, Бүйрек, Қосқұлақ, Кенбай, яғни 6 ауылдық елді мекенде су құбыры желілерінің құрылысы аяқталып, іске қосылған. 

- Ал Аққора, Қоныстану, Қоғам, Кенбай разъезді, Соркөл, Былпылдақты, Сарқұмақ, Қоңыраулы, Бала Ораз, Атамбаев, Есмахан, Көздіқара, Томан, Қошалақ елді мекендерінде су құбыры желілері құрылысы бойынша және су тазарту кешенді блок-модульдерін қондыру жұмыстары іске асырылмақ. Оның көпшілігінде жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, қаражат қарастырылды, - деді Д.Мүкішев.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 желтоқсан 2022, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.