Атырау, 28 қараша 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Біз тағы уландық

Сурет
1 312 просмотра

Наурыздың 27-інен 28-іне қараған түні Атырауды тағы да тұншықтырған иіс жайлады.

Таңертең ертемен иістің күшті болғаны сонша, тұрғындар терезелерін жабуға мәжбүр болды: Балықшы, Нұрсая, Сарықамыс, Авангард, қала орталығы және басқа да аудан тұрғындары өздерін нашар сезінді. Экология департаментіне ауаға шығарылатын заттардың көзін анықтап, шара қолдануды талап еткен қала белсенділерінен біршама хат келді. Хат жолдаушылардың қатарында созылмалы демікпе сырқаты бар әріптесіміз Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА да бар: ауадағы шығарындыларға байланысты қазіргі уақытта оның денсаулығы мәз емес.

- Соңғы бірнеше жылда алғаш рет қолайсыз экологиялық жағдайға байланысты Атыраудан мәжбүрлі түрде көшуді ойладық, - дейді ол Facebook желісіндегі бейнеүндеуінде. – Соңғы онжылдықта, жылдың жылы және ыстық мезгілінде, әсіресе, таңертең Атырауда үнемі күкіртсутегінің тұншықтыратын иісі шығып тұрады. Біз үнемі терезелерді жауып, кондиционерден шыққан ауамен тыныстауға мәжбүрміз. Үйде ауа тазартқыштар үнемі қосулы тұрады. Сапалы өмір сүруден қалдық. Менің экология департаментіне демаршым қажеттілікке байланысты болды, шығарындылар көзін түпкілікті анықтап, оны атау керектігін және мемлекеттен қала тұрғындарын осы экологиялық геноцидтен құтқару шараларын алуды талап етемін.

Редакцияға да осы мәселе бойынша көптеген хаттар мен қоңыраулар түсті. Олардың қатарында Атырау қаласының тұрғыны, мамандығы химик Қарлығаш ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА бар.

– Мен өз қаламдағы ауа сапасын air.kz қосымшасы арқылы үнемі қадағалап отырамын, ал бүгінгі параметрлер тіптен шектен шыққан. Дәлел ретінде күкіртсутегінің осы жоғары концентрацияларын скрин жасап алдым.

Авангардта таңертең күкіртсутегінің концентрациясы 7 ppm болған кезде көрсеткіштер шамамен 98 ppm белгісіне тоқтады. Қалалық әкімдік аумағында бәрі 185 ppm болды. Бұл өте жоғары көрсеткіш!

Мен дәрігер емеспін, бірақ ауада 50 ppm-нен жоғары концентрацияда адамның жүрегі айни бастайтынын, көзі жасаурап, тыныс алу жүйесі ауыратын адамдардың есінен танып қалуы мүмкін екенін білемін. Бұл соңғы күндердегі алғашқы жағдай емес. Жексенбі күні Авангард аумағында 85 ppm күкіртсутегі болды.

Мен иіс сезгенде немесе жоғары концентрацияны көргенде, үнемі «109»-ға хабарласамын, олар менің сауалымды экология департаментіне жолдайды. Бірақ олар ауа сынамаларын бірден сол жерде емес, бір-екі күннен кейін өлшейді. Осылайша, олардың көрсеткіштері өзекті болмайды.

Бірақ біздің адамдар шыдамды, көпшілігі шығарынды иісінен ауырса да, оны жария етпейді немесе мүлдем иіс сезінбейді.

Осынау өмірімізге маңызды мәселе жөнінде президентімізге жеткізіп, ол өңірімізге назар аударса дейміз.

АМӨЗ баспасөз қызметі «АЖ» сауалына 2023 жылғы 28 наурызда ауа сапасын бақылау бекетінің мәліметтері бойынша күкіртсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асуы тіркелгені туралы жауап берді. «Зауыттың қалыпты жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз. Жел солтүстік-батыс, яғни Атырау қаласынан зауытқа қарай соғып тұр. Сондықтан АМӨЗ-дің өндірістік процесі жағымсыз иістің көзі емес".

Бізге белгілі болғандай, бүгін таңертең экология департаменті, СЭС басшылары мен табиғатты қорғау прокуроры «Квадрат» деп аталатын булану алаңына барды. Прокуратураның баспасөз қызметі қала тұрғындарынан иіске қатысты шағымдар түспегенін айтты.

Осы аралықта әлеуметтік желіде экологиялық мәселеге қатысты рұқсат етілген митингке шақырған жағдайлар болды.

Айнұр САПАРОВА

28 наурыз 2023, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.