Атырау, 19 қараша 10:14
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Серік Шәпкенов: «Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою керек, әйтпесе әділетті қоғам орнамайды»

Сурет
1 396 просмотра

Атырауда аймақ басшысы Серік ШӘПКЕНОВТІҢ төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде облыс әкімдігі жанындағы ведомоствоаралық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының басшылары, қала мен аудан әкімдері қатысты. 

Күн тәртібіндегі мәселе – «сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы» болды. Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ерлан ДОСАНОВ жүргізілген мониторинг нәтижесінде «Сасықсай» буландыру алаңы мен «Ерік Мостовой» дренаж жүйесінің проблемасы анықталғанын хабарлады. Оның айтуынша, заң нормасында көзделген талаптар мен бекітілген жоспардың мерзімі сақталмайды. Шешім қабылдау барысында түрлі әкімшілік кедергілер орын алады, салдарынан бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану қаупі бар. - Экология департаментінің мәліметіне сәйкес, соңғы бес жылда Атырау облысында экологиялық ахуалмен байланысты 47 оқыс оқиға орын алған. Уәкілетті органдар 2,5 млрд теңгеден астам сомаға айыпұл салды. Бұл тізімді «АМӨЗ» ЖШС, «Ембімұнайгаз» ЖШС, «North Caspian Operating Company N.V» филиалы, «Теңізшевройл» ЖШС бастап тұр. Атыраудағы экологиялық ахуалдың нашарлауына, жағымсыз иістің үздіксіз орын алуына «Сасықсайдағы» ағынды сулардың жиналуы себеп болып отыр. Қазіргі уақытта «АМӨЗ» ЖШС-нің мәліметіне сәйкес, буландыру алаңының 3- және 4-бөлігінде жиналған сарқынды сулардың 1 және 2-бөлігіне қайтадан төгілу қаупі туындап тұр. Салдарынан Атырау қаласының экологиялық ахуалын жақсарту мәселесі әлі күнге дейін шешілмеуде және «АМӨЗ» ЖШС тарапынан қаражат жұмсап жасаған жұмыстардың зая кету қаупі туындауда, - деді Е.Досанов. 

Содан кейін оның бірінші орынбасары Нұрлан ЖАХИН баяндама жасады. Оның мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұрудың» №4 Үлгілік базалық бағыты бекітілген. - №4 Үлгілік базалық бағытты өңірлерде жүзеге асыру бойынша тоқсандық есеп аясында бағалау жүргізілуде. Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарымен аталған бағытта атқарған жұмысы көңіл көншітпейді. Жоба жүзеге асырылып жатқан 17 өңірдің ішінде соңғы орында тұр, - деді Н.Жахин. 

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сайын ҚУАНЫШЕВ:

- Қоғамдық кеңестің жүргізген жұмыстары жөнінде цифрмен айтсақ: соңғы үш жыл мен осы жылдың он айын қоса есептегенде 158 отырыс өткізіліп, 473 ұсыныс берілді. Оның 410-ы орындалса, 63-і орындалу үстінде. Аймақтық кеңес аталған мерзімде 27 отырыс өткізіп, 218 ұсыныс берді. Ұсыныстардың 187-сі орындалып, 31-і орындалу үстінде. Серік Шәпкенов сөз алып:


- Сыбайлас жемқорлық бар жерде әділетті қоғам орната алмаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Әділетті Қазақстанды құру үшін адам құқығы мен заң үстемдігі мәселесін алға қойды. Осыны басты назарға алып, жұмыс істесек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оны жеңе аламыз, - деді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

25 қараша 2022, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.