Атырау, 19 сәуір 03:24
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

1 407 просмотра

Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп, оған 200-ге жуық спортшы қатысты. 92 келіден жоғары салмақта атыраулық боксшы Аманат Сабырғали (суретте оң жақта) күміс жүлде жеңіп алды.

Жартылай финалда павлодарлық Олжас Букаевты жеңгенімен, финалда алматылық Дамир Тойбайға есе жіберіп алды.

* * * * *

БЖСМ-1-де ауыр атлетикадан 2005 жылы туған одан кіші жасөспірімдер арасында  білім беру ісінің үздігі,  МБЖСМ-1 бірінші штанга жаттықтырушысы Сейран Мазлумянды еске алуға арналған облыстың ашық біріншілігі өтті.

Сұлтан Сұлтанбекұлы, Нұрасыл Асанұлы, Қосмырза Нұрасыл, Асқарбек Әнуарбеков, Жолдасқали Асылбек, Илья Вяхирев, Әділ Жекентаев, Елхан Бауыржанұлы, Максим Гордиевский және Бектұрған Олжас өз салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанды. Спортшыларды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Игорь Миргамбаев (Атырау) пен Әмір Қосмурзиев (Мақат) жаттықтырды.

* * * * *

Талдықорғанда 2004 жылы туған жас спортшылар арасында жүзуден өткен ел чемпионатында атыраулық спортшы Дарья Чеснокова қола жүлдегер атанды.

Атырау облысы үшін бұл 2022 жылы жүзушілердің республикалық жарыста жеңіп алған 80-ші медалі.

* * * * *

Астанада 2008 жылғы жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан ҚР чемпионаты өтті. Мұнда 73 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мақат БЖСМ шәкірті Бектұрған Олжас қола жүлде жеңіп алды.

Оның нәтижесі - жұлқа көтеруде 93 келі, серпе көтеруде 117 келі. Бектұрған жас бапкер Әмір Қосмурзиевтің шәкірті.

* * * * *

10-11 желтоқсанда Жапонияда парадзюдодан Паралимпиада-2024 ойындарына қатысу рейтингі - Tokyo Open халықаралық турнирі өтті.

Жарыстар дзюдодан турнирлер үшін арнайы салынған «Кодокан» спорт кешенінде өтті. J1 категориясында 90 келіден жоғары салмақта атыраулық спортшы Ерлан Өтепов алтыннан алқа тақты. Ал Әнуар Сариев J2 категориясында 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені иеленді.

* * * * *

Қостанайда бокстан 2007-08 жылғы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты өтті. 52 келіге дейінгі салмақта атыраулық Кенжебай Әлихан алтын жүлде иеленді.

Ол Павлодар, Абай, Шымкент, Жамбыл облыстарынан келген құрдастарын жеңді. Чемпионды жаттықтырушы Нариман Байманов дайындады.

* * * * *

Астанада джиу-джитсудан ҚР кубогы өтті. Бас бапкер А.Есенғалиев бастаған Атырау облысының құрамасы 8 алтын, 10 күміс, 4 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық үшінші орынға табан тіреді.

Лев Винс, Әмірше Ғибрат, Әйгерім Төреғожина, Юсуфбек Шербаев, Ерлан Абатбаев, Аружан Қуандыққызы және Русланхан Мадыханов алдағы әлем және Азия чемпионаттарына жолдама алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 желтоқсан 2022, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.