Атырау, 24 желтоқсан 22:58
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты

Атырауда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ және батыстағы төрт облыстың медицина қызметкерлері мен шенеуніктерінің  қатысуымен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» атты екікүндік аймақаралық конференция өтті. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі дамып жатыр, алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың бастысы – біліктіліктің төмендігі және дәрігерлердің тапшылығы (дегенмен, ол кадрлар тапшылығын жасанды деп есептейді). Пациенттерге дөрекі қарым-қатынас жасауға байланысты көп шағымдар бар. «Біз мұның бәрін талдап, жүйелік шаралар алуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Біртанов. 8 қазан 2018, 12:11 3 314 рет қаралды
Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды Басқа жаңалықтар

Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды

Аудан орталығы Индербор кентінде тазалықпен екі бірдей мекеме айналысса да, уақытында алынбаған қоқыстардан көшелер шашылып жатыр. Жергілікті биліктегілер кезінде мәселені шешеміз деп уәде бергенімен, өзгерген ештеңе жоқ: ауыл орталығында үйілген қоқыстар мен оны жеген сиырлар. Жақында бір зеңгі баба тұқымы осы «тәттіден» жеп, өліп қалыпты.   Сурет Бейнежазба 2 қазан 2018, 13:57 2 954 рет қаралды
Жеделсатылар қауіпсіз бе? Басқа жаңалықтар

Жеделсатылар қауіпсіз бе?

16 қыркүйекте Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатынан лифт құлап, ішінде болған әйел мен бала жарақат алды. Биылғы мамырда осы ықшам ауданда №19 үйдегі жұмыс істемейтін жүк лифтісінің шахтасында екі жасөспірімнің мерт болғаны көпшіліктің есінде шығар. Ал одан бұрын 2013 жылы сол Алмагүлдегі №23 үйде тұрып қалған лифтіден шығуға әрекеттенген 24 жастағы қыз көз жұмды. «АЖ» тілшісі осы кабинамен көтеріліп-түсу адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін тұрғын үй массивіне барған еді. Сурет Бейнежазба 24 қыркүйек 2018, 12:42 2 936 рет қаралды
Нан пісірген өзбектер Басқа жаңалықтар

Нан пісірген өзбектер

Атырау облыстық көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері «Заңсыз мигрант» жедел-алдын алу шараларының барысында 447 құқықбұзушылық анықтады. Мигранттардан басқа, Атырау қаласының 16 тұрғыны шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бейнежазба 21 қыркүйек 2018, 14:22 2 709 рет қаралды
Тежеусіз жеделсаты Басқа жаңалықтар

Тежеусіз жеделсаты

16 қыркүйекте сағат 23.00 шамасында Атырауда Алмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің үшінші қабатынан лифт құлады. Лифт ішіндегі 24 жастағы әйел мен 6 жасар бала түрлі жарақат алған. Олар облыстық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. 17 қыркүйек 2018, 11:40 2 460 рет қаралды
Макс Боқаевты батысқа әкеле жатыр Басқа жаңалықтар

Макс Боқаевты батысқа әкеле жатыр

Әлеуметтік желілерде азаматтық белсенді Макс БОҚАЕВТЫ Петропавлдағы осы уақытқа дейін жазасын өтеген ЕС-164/3 колониясынан Ақтөбедегі жалпы режимдегі колонияға этаппен әкеле жатқаны туралы жазыла бастады. Бұл ақпаратты оның қорғаушысы Айман ОМАРОВА растады: 4 қыркүйек 2018, 16:07 4 117 рет қаралды
Дала сұлуы туралы аңыз Басқа жаңалықтар

Дала сұлуы туралы аңыз

Атырау облысының Қызылқоға өңірінде өзіндік тарихы мол көне мазарларды көптеп кездестіруге болады. Екі ғасыр өтсе де, қалыбын сақтап тұрған мына кесене - Секер сұлу мазары. Миялыдан 10 шақырым жерде орналасқан оның биіктігі - 10 метр. Сурет 27 тамыз 2018, 11:18 7 961 рет қаралды
"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады" Басқа жаңалықтар

"Cағыз арнайы жасақ келгенде ғана тыныштанады"

25 шілдеде Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында ауыл жастарының топ болып төбелесуі салдарынан бір адам қаза болып, бірнешеуі жараланған еді. Бұл ауылдағы жалғыз қылмыстық іс емес сияқты, редакциямызға хабарласқан ауыл тұрғындары осындай жікке бөлініп төбелесу ауылда жиі болып тұратынын айтты. «АЖ» тілшісі алыс ауылдағы осы ахуалды біліп қайтты.    Бейнежазба 20 тамыз 2018, 14:27 8 232 рет қаралды
Французбен ішкен күрең шай Басқа жаңалықтар

Французбен ішкен күрең шай

... Сонау қытайлық Гуанчжоуға дейінгі 12 мың шақырым жерге велосипедпен аттанған жасамыс француз бізге ұнап қалған еді.  Нағыз авантюрист. Айтпақшы, «авантюра» француздың aventure деген сөзінен шыққан, Ожеговтың түсіндірме сөздігі бойынша «қауіпті әрі күмәнді іс, күтпеген оқиғалар қаупі қатар жүретін шытырман». Біздің өлкемізде ол осындай оқиғаларға кез болыпты. Халқымыздың әпінділеу шетелдіктерге жылы көзқараспен қарайтыны жақсы-ақ. Дегенмен, бәрін ретімен баяндайын. Сурет 6 тамыз 2018, 15:09 2 541 рет қаралды
Шақырылған дәрігерлерді пәтер мәселесі «бұзды» ма? Басқа жаңалықтар

Шақырылған дәрігерлерді пәтер мәселесі «бұзды» ма?

«Басқа облыстардан Атырауға шақырылған және уәде етілген тұрғын үйге қолдары жетпеген тәжірибелі 17 дәрігер үйлеріне қайтуды жоспарлап отыр» деген әлеуметтік желілерде пайда болған пост көпшіліктің назарын аударды. Өңірімізде сауатты мамандардың тапшылығына байланысты осы жерде өмір сүріп, жұмыс істеуді жоспарлап келген дәрігерлерге кері кетуге мүмкіндік беру ақылға қонымсыз. 27 шілде 2018, 17:55 2 001 рет қаралды
Бизнес: кімге не ұнамайды және су қайда? Басқа жаңалықтар

Бизнес: кімге не ұнамайды және су қайда?

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ кәсіпкерлермен болған жаңа кездесуінде оның барлық орынбасарлары, бөлімше басшылары, 7 аудан әкімдері, қызмет жеткізуші-монополистер сұрақтарға жауап берді. Сурет 30 маусым 2018, 17:34 3 012 рет қаралды
Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 2 Басқа жаңалықтар

Атырау әкімі теңізден балық аулауға қарсы - 2

Бір жыл бұрынғы Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен екі жыл балық аулауға толық тыйым салу туралы батыл ұсынысын  елордалық шенеуніктер сағалық кеңістіктерден балық аулауды шектеумен өзгертті. Егер бұл ұзаққа созылатын болса, онда жайбарақаттықпен балықты сарқып аулау аяқталады. 29 мамыр 2018, 01:02 5 221 рет қаралды
Бас кәсіпкердің Атырауға сапары Басқа жаңалықтар

Бас кәсіпкердің Атырауға сапары

28 мамырда Атыраудағы «Салтанат сарайында» «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫ салтанатпен қарсы алды. Forbes отандық рейтингісінде ең жоғарғы орындардың бірін иемденген президенттің ортаншы күйеу баласы Палатаның Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысына ұшып келді. Бейнежазба 29 мамыр 2018, 21:11 3 778 рет қаралды
Евгений Жовтис: Мен жек көретін екі нәрсе - әділетсіздік пен адамдық қадір-қасиетті қорлау Басқа жаңалықтар

Евгений Жовтис: Мен жек көретін екі нәрсе - әділетсіздік пен адамдық қадір-қасиетті қорлау

Жақында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының Атырау филиалы ашылды. Алматыдан келген Бюро директоры Евгений Жовтис журналистер мен жұртшылыққа жергілікті кеңсе директоры Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫ таныстырды. Құқыққорғаушы сәл кейінірек «АЖ»-ға берген сұхбатында барлық «ыңғайсыз», соның ішінде, қаржыландыру көздері туралы сұрақтарға жауап берді. 21 мамыр 2018, 15:09 3 462 рет қаралды
«Жаналғыш» тексеру Басқа жаңалықтар

«Жаналғыш» тексеру

Әлеуметтік желіде Индер ауданындағы бір мектеп мұғалімінің жақында Атыраудан келген комиссия туралы сезімге толы жазбасы тарады. Тексерудің қатты болғаны соншалық, қатты күйзелістен аяғы ауыр келіншек ауруханаға түсіп, ағылшын пәні мұғалімі дәлізде құлап қалған, сондай-ақ жергілікті мектеп педагогтарынан комиссияның жолына 1000 теңгеден ақша жинапты-мыс.  Сурет 2 мамыр 2018, 14:15 7 344 рет қаралды
Беймәлім орынбасар Басқа жаңалықтар

Беймәлім орынбасар

Абай көшесінің сол жағында орналасқан кеңсе қызметкері Эльмира ХАМИТОВА «АЖ» тілшісіне тапа тал түсте олардың ауласында мекендеген итті атып тастағанын хабарлады. Кеңсе қызметкерлері ол үшін будка сатып алып, ветеринардан барлық рәсімдерден өтпек болыпты. Бірақ үлгермей қалған. Бейнежазба 30 сәуір 2018, 20:46 4 299 рет қаралды
«Ең алдымен жоспарлау қажет» Басқа жаңалықтар

«Ең алдымен жоспарлау қажет»

Атырау облысында жыл басынан бері 2576 сәби дүниеге келсе, 11 бала өлімі тіркелген. Өңірімізде ана мен бала өміріне қаншалықты көңіл бөлініп келеді? «АЖ» тілшісі «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Оңтүстік Корея), облыстық перинаталдық орталықтың бас акушер-гинекологы Қуаныш Нысанбаевпен сұхбаттасқан еді. 15 сәуір 2018, 12:20 4 788 рет қаралды
Қалтасыз студент Басқа жаңалықтар

Қалтасыз студент

Атырау қаласының тұрғыны 35 жастағы Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, тектік-топтық, діни алауыздықты тудыру») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Бұған оның жақында экстремистік ұйым деп танылып, тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының жазбаларын әлеуметтік желіде бөлісіп, «лүпіл» басып, пікір жазғаны себеп болған екен. Сурет 12 сәуір 2018, 18:09 5 381 рет қаралды
Мұнайшы-әйелдердің мерекелік форумы Басқа жаңалықтар

Мұнайшы-әйелдердің мерекелік форумы

«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде «Мен – әйелмiн. Әлемнiң анасымын»  ұранымен әйелдер клубының бірінші конференциясы өтті.  Конференцияға Компания басшылығы және Ембінің мұнай кен орындарында жұмыс істейтін әйелдер қатысты. PR 13 наурыз 2018, 14:30 4 173 рет қаралды
Индер күмбезі мен тұзды көлді жоғалтып алмайық Басқа жаңалықтар

Индер күмбезі мен тұзды көлді жоғалтып алмайық

Индердің әлемге әйгілі табиғи нысандары бағзы заманнан бері ғалым-саяхатшылар мен жергілікті тұрғындарды сүйсінтіп келеді. 1769 жылы академик әрі географ П. ПАЛЛАС (1741-1811 жж.) осы жердегі көлді және Индер тауларын алғаш көрген кезде оларды «табиғат ғажайыптары» деп атаған болатын. 13 наурыз 2018, 18:08 10 015 рет қаралды
"Көше сыпырып, үй салдық..." Басқа жаңалықтар

"Көше сыпырып, үй салдық..."

Атырау тұрғындары үшін көше тазалап жүрген қызыл арнайы киімді адамдарды көру үйреншікті жайт. Олардың көпшілігі – өзге елден келген әйелдер. Мұнайлы астананың тазалығын «Арнайыавтобаза» ЖШС-ның әрқайсысында 60-тай қызметкері бар 5 бригадасы қадағалайды. Сурет Бейнежазба 5 наурыз 2018, 22:08 7 439 рет қаралды
"Айқасқа" тек қыздар шығады Басқа жаңалықтар

"Айқасқа" тек қыздар шығады

Атырау облыстық арнайы дайындық басқармасының оқу орталығында көктемнің алғашқы күндері қала мен аудандардан келген 35 полиция әйел бір апталық біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр. Сурет Бейнежазба 4 наурыз 2018, 18:14 9 871 рет қаралды
Әкіммен кездесу Басқа жаңалықтар

Әкіммен кездесу

21 ақпанда Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ 2017 жыл үшін қала мен облыс тұрғындарының алдында есеп берді. Кездесу әдеттегіше 2500 адамға дейін сыятын Х.Досмұхамедов атындағы университеттің дене шынықтыру және сауықтыру орталығында өтті. «Бәрі де пікірлерін айтсын» дегендей ұйымдастырылған шара шамамен 5 сағатқа созылды, зал іші толы болды. Сурет Бейнежазба 21 ақпан 2018, 20:45 7 612 рет қаралды
"Әр сәтің санаулы" Басқа жаңалықтар

"Әр сәтің санаулы"

Бастапқыда «АЖ» тілшілері Атырау қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы қызметкерлерімен бір-екі сағат өткізуді жоспарлады, өйткені жексенбі күні болатын. Бірақ шексіз қоңыраулар легімен медиктермен бірге түн ортасына дейін «жұмыс жасағандарын» байқамай да қалды... Сурет Бейнежазба 15 ақпан 2018, 09:00 4 270 рет қаралды
Жанармайсыз жедел жәрдем Басқа жаңалықтар

Жанармайсыз жедел жәрдем

Индер ауданы Көктоғай ауылының тұрғыны «АЖ» тілшісіне хабарласып, жолдасын аудандық ауруханаға жеткізу үшін ауылдағы дәрігерлік амбулаторияның жедел жәрдем көлігіне өз ақшасына жанармай құйғанын айтты. 23 қаңтар 2018, 09:51 5 084 рет қаралды
"Тұрғындар түгел шарт жасамаса, газ берілмейді" Басқа жаңалықтар

"Тұрғындар түгел шарт жасамаса, газ берілмейді"

«АЖ» редакциясына Авангардтағы көпқабатты үйлердің тұрғындары хабарласты, олардың айтуынша, «Атыраугазинвест» ЖШС жұмысшылары пәтерлердегі газды толығымен ажыратып жүр екен. Бұл жағдай соңғы күндері әлеуметтік желіде де қызу талқыға түсуде.  15 қаңтар 2018, 10:52 4 049 рет қаралды
Куәлікті кепілге қалдырды ма әлде жоғалтты ма? Басқа жаңалықтар

Куәлікті кепілге қалдырды ма әлде жоғалтты ма?

1 қаңтарда таңертең Атырау ҚІІБ-не Оңтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тумасы шағымданды. Әйел адам жаңа жыл түнінде Сәтпаев даңғылы бойындағы жалдамалы пәтеріне белгісіз үш адамның баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, алтын сырғасын, 50 мың теңгесін және «Нокиа» ұялы телефонын тартып алғандығын мәлімдеді. 3 қаңтар 2018, 16:04 3 047 рет қаралды
2017 жылы «Ақ Жайық»  не туралы жазды Басқа жаңалықтар

2017 жылы «Ақ Жайық» не туралы жазды

Қаңтар. Еркінқалада қаңғыбас иттер 7 жасар баланы талап тастады, дәрігерлер оның өмірін аса қиындықпен аман алып қалды. Қала маңындағы елді мекендердің бірінде жүз елуден астам бұралқы иттер жойылды. Уақытша тіркеу енгізілгеннен кейін  Атыраудағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында басқа өңірлерден келген отандастарымыз «қаптап» кетті. «Жер митингілері туралы іс»: облыстық сот алқасы азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты апелляцияны қарап шығып, әрқайсысын 5 жылдан бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырды. Ауғанстанда полиция облыс орталығында 2011 жылдың 31 қазанында теракт ұйымдастырған Атырау тумасы Дамир Зналиевті тұтқындады. Облыстық прокуратура ғимаратының алдында облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадьярова өзін-өзі өртеді (өрт сөндіргішпен жүгіре шыққан көрші кеңседе жұмыс жасайтын ер адам оның өмірін құтқарып қалды). Бұл пара алды деп өзіне тағылған жалған айыпқа қарсы наразылығы болатын. 10 күннен кейін сот оны 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.  28 желтоқсан 2017, 00:00 3 015 рет қаралды
Инемен салынған өнер Басқа жаңалықтар

Инемен салынған өнер

Денеге түрлі суреттер салу ежелгі заманнан бері қолданылып келеді. Кейбір халықта денеге салынған әшекей (тату) әлі күнге дейін зұлым рухтардан қорғайды деп есептеледі, рулық тайпа белгісін көрсетеді және т.б. Бірде сәнге енсе, енді бірде сәннен ескіреді. «АЖ» тілшісі осы істің Атыраудағы шеберлерінің құпиясы мен сырларын тыңдап, тату атмосферасына енуге тырысқан еді. Сурет 19 желтоқсан 2017, 12:38 4 463 рет қаралды
«Бразилиялықтың» оралуы Басқа жаңалықтар

«Бразилиялықтың» оралуы

«Жолы болғыш!» - деген еді ол туралы төңірегіндегілер 2009 жылы. Шынымен де, Бразилияға футбол шеберлігін үйренуге екінің бірі бара алмайды. Қазір жолы болғыш бала Алексей РОДИОНОВ есейіп, отбасын құрды... Алған жарақатының пышақсыз кесіп жатқандай жанына батып жүргеніне екі жылдай болды. Міне, оның әңгімесі. Сурет 18 желтоқсан 2017, 01:03 3 097 рет қаралды
Алаяқтарға алданғандар Басқа жаңалықтар

Алаяқтарға алданғандар

Қазір бірнеше миллионды үнемдеп арзан бағаға үй,  жер телімін алғысы келетіндер, «жақсы» жерге жұмысқа тұрғысы келетіндер көп. Осындай армандарына жету үшін «көмектесемін» деген бейтанысқа қыруар қаржыны ұстата салатын ақкөңіл адамдар да аз емес. 15 желтоқсан 2017, 11:02 5 957 рет қаралды
Дүмшелер диагнозы Басқа жаңалықтар

Дүмшелер диагнозы

Атыраудағы бағандарға, үйдің кіре берістеріне жапсырылған және әлеуметтік желілерде жарнамаланған жаңа компьютерлік диагностика жарнамасы 40 минут ішінде ағзаны сканерден өткізіп, бүкіл органның жай-күйін анықтауға уәде береді. Ешқандай қымбат тұратын анализдер, МРТ, УЗИ және белгілі бір сала маманы қажет емес. Ол емізетін аналар мен сәбилер үшін қауіпсіз, бар болғаны 8 мың теңге тұрады. «АЖ» тілшісі бұл әдіс авторының өз тәжірибесін концлагерь тұтқындарына жүргізгенін анықтады... 12 желтоқсан 2017, 12:42 5 961 рет қаралды