1 қаңтарда таңертең Атырау ҚІІБ-не Оңтүстік Қазақстан облысының 38 жастағы тумасы шағымданды. Әйел адам жаңа жыл түнінде Сәтпаев даңғылы бойындағы жалдамалы пәтеріне белгісіз үш адамның баса-көктеп кіріп, пышақпен қорқытып, алтын сырғасын, 50 мың теңгесін және «Нокиа» ұялы телефонын тартып алғандығын мәлімдеді.
Оқиға орнына жеткен жедел топ пәтерден қылмыскерлердің бірінің түсіріп алған жеке бас куәлігін тауып алды. Ол Сарыарқа ықшамауданының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Кешікпей үшеуі де ұсталып, зардап шегуші оларды таныды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ