Атырау, 25 қараша 18:32
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нан пісірген өзбектер

Бейнежазба
2 627 просмотра


Атырау облыстық көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері «Заңсыз мигрант» жедел-алдын алу шараларының барысында 447 құқықбұзушылық анықтады. Мигранттардан басқа, Атырау қаласының 16 тұрғыны шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, жергілікті наубайханалардың бірінің қожайынына 100 АЕК (240 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол Өзбекстанның 10 азаматын тиісті мемлекеттік органдардың рұқсатынсыз жұмысқа алған. Гастарбайтерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабына (Шетелдiктiң ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттамалар толтырылды.


Естеріңізге салсақ, жақында гастарбайтерлерден еңбек етуге рұқсатты кедергісіз және тездетіп алғаны үшін жүйелі түрде пара алды деп күдіктелген Атырау ІІБ бастығының орынбасары мен көші-қон қызметінің аға инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған еді.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазбаны Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынды

21 қыркүйек 2018, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.