Атырау, 23 қараша 22:33
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бизнесті де, гастарбайтерлерді де "түшкірткен"

3 017 просмотра


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының жергілікті департамент қызметкерлері Атырау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы, қалалық ІІБ басшысының орынбасары және көші-қон қызметінің аға инспекторы пара алғанын әшкереледі.

Анықталғандай, 6 қыркүйекте Атырау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы салықтық борыш туралы хабарламаны жарияламағаны үшін бір кәсіпкерден 60 000 теңге, кейін екіншісінен 10 000 теңге көлемінде пара алған. Күдікті әйел пара алғанын мойындады, тергеу жүруде.

Жоғарыда айтылған Атырау қаласы ІІБ шенділері биылғы мамыр-тамыз айларында гастарбайтерлерге еңбек етуге рұқсатты тез әрі кедергісіз алып бергендері үшін жүйелі түрде пара алды деп күдіктелуде. Өзбек бауырлардан алынған параның жалпы көлемі 213 000 теңгені құраған. Тінту кезінде 80-нен астам шетел азаматтарының төлқұжаттары мен 600 000 теңге тәркіленген, қазір олардың заңдылығы мен қылмыстық іске қатыстылығы анықталуда.

Астанадағы брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА:

- Подполковник пен полиция майоры өз кінәларын мойындады, сондықтан тұтқындалмады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады.

Фархат ӘБІЛОВ

12 қыркүйек 2018, 18:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.