Атырау, 26 қараша 12:01
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұнайшы-әйелдердің мерекелік форумы

PR
4 026 просмотра


«Ембімұнайгаз» АҚ бас кеңсесінде «Мен – әйелмiн. Әлемнiң анасымын»  ұранымен әйелдер клубының бірінші конференциясы өтті.  Конференцияға Компания басшылығы және Ембінің мұнай кен орындарында жұмыс істейтін әйелдер қатысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ  жиналғандарға мерекелік құттықтау лебізін білдіріп, оларға қажымас еңбегі, мамандықтарына шын берілгені және сарқылмас жігерлілігі үшін алғыс айтты.

- «Ембімұнайгаз» АҚ заманауи әйелдің өндірістегі рөлінің маңыздылығын түсіне отырып, әйелдер клубын құрып, алғаш рет «Мен-әйелмін. Әлемнің анасымын» атты конференция өткізіп отыр. Клубтың жұмысына табыс тілеймін және оның өндірістік қызметтегі әйелдің күш-қуатын және Компанияның қоғамдық өміріне қатыстырылуын  дамытуға  мүмкіндік туғызатынына сенімділік білдіремін, - деп атап өтті Әнуар Жақсыбеков. – Мұнайшы-әйелдер клубының жұмысына табыс тілеймін, мен  оның жұмысының өндірістік қызметтегі әйелдің күш-қуатын және Компанияның қоғамдық өміріне қатыстырылуын  дамытуға  мүмкіндік туғызатынына  сенімдімін.


Сөз кезегін «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасының  орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА алды: «Бүгінгі күні қазақстандық әйелдер – қоғам мен мемлекеттің көркі. Олар барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге қатысады. Қазақстанда әйелдер өз елінің игілігі үшін ерлермен қатар еңбек етеді. Менің ойымша, мұнайшы-әйелдер клубы ұжымдағы психологиялық жағдайды жақсартуы, әріптестердің ішкі қарым-қатынастары мәдениетінің деңгейін, өзара түсіністікті, жауапкершілікті, тәртіпті және соған сәйкес, еңбек өнімділігін жоғарылатуы тиіс. Әйелдер жұмыс істейтін ұжымда әрдайым бірлік, ынтымақтастық және серіктестік болады».

Қазақстандық мұнайдың ғасырдан артық тарихында әйелдердің атқаратын рөлі әрқашан жоғары болған.  Ұлы Отан соғысы жылдарында олар майданға аттанған әкелерінің, аға-бауырларының және күйеулерінің кәсіпшіліктерін жалғастырып, еліміздің экономикасын қолдады. Статистика мәліметтері бойынша, соғыстың басында Қазақстанның мұнай саласында үш мыңнан астам әйел жұмыс істеген. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш шақырылымының депутаты Балғаным Доспаева, ірі мұнай кәсіпорнының тұңғыш әйел-басшысы Балжан Жұмағалиева, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты Жібек Сегізәлиева, Социалистік Еңбек Ері Набира Шағырова, даңқты мұнай өндіру операторы Қалу Тілеумағамбетова сияқты еңбеккер-әйелдердің есімдері тарихта жазылған.

Бүгінгі таңда «ЕМГ»-да мыңнан астам әйел жұмыс істейді. «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» және «Доссормұнайгаз» МГӨБ делегаттары Балмаш Жақсыбаева, Айтолқын Исабаева және Сәлима Айдынова Компанияның әйелдер клубының табысты жұмыс істейтініне сенімділік білдірді. Мереке Н. Жантөрин атындағы облыстық филармония әртістерінің концертімен аяқталды.

13 наурыз 2018, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.