Атырау, 23 қараша 01:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Перзентханаға жеткізгенмен, өмірін сақтап қала алмады

Толықтырылды
3 230 просмотра


12 қыркүйек таңертеңгі сағат 9 шамасында Атырау облыстық перинаталдық орталығында 25 жастағы жүкті әйел көз жұмды.     

Денсаулық сақтау басқармасы өлім болғанын растады, алайда тергеу жүріп жатқандығын ескертіп, артық ештеңе айтпады.

«АЖ» тілшісіне бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, жас келіншек таңертең ертемен 103 пультіне хабарласып, басы ауырып тұрғанына шағымданған. Ол жүктіліктің 34-ші аптасында екен, дереу перзентхананың жан сақтау бөліміне жеткізгенмен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

Жыл басынан бері Атырау облысында 1 жасқа дейінгі 54 сәби шетінеген, 27 акушер-гинеколог жетіспейді. Ал бұл қайғылы жағдайдың себептерін тергеу анықтауы тиіс.

Кеш болғанда сайттағы жарияланымды көрген соң облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ тілшімен хабарласып, жағдайға түсінік берді:

- Əйел адам жүктіліктің 38-аптасында екен, бізге сағат 8:55-те өте ауыр, клиникалық өлім  жағдайында түсті. Орталыққа əкелгенге дейін науқас үйде өзі ем қабылдаған. Қандай дəрі-дəрмек ішкенін біз де білмейміз. Бір сағат ішінде жүрегі 3 рет тоқтады, сағат 10:10-да өлім тіркелді. Біздің қызметкерлер қажетті медициналық көмекті көрсетті, алайда өкінішке орай, оны құтқара алмады. Сонымен қатар əйел бұрын шақыртуға келген фельдшерлерге ауруханаға барудан бас тартатынын ескертен.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қыркүйек 2018, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.