Атырау, 26 қараша 06:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Беймәлім орынбасар

Бейнежазба
3 972 просмотра


Абай көшесінің сол жағында орналасқан кеңсе қызметкері Эльмира ХАМИТОВА «АЖ» тілшісіне тапа тал түсте олардың ауласында мекендеген итті атып тастағанын хабарлады. Кеңсе қызметкерлері ол үшін будка сатып алып, ветеринардан барлық рәсімдерден өтпек болыпты. Бірақ үлгермей қалған.



УЛЫ ИНЕ

- Ит атушының өзі әкім орынбасарының тапсырмасымен итті өлтіруге мәжбүр болғанын айтты, ол әлдебір делегациямен кеңсе жанынан өтіп бара жатқанда үрген екен. Біздің күзетшіміз ит атушыны кіргізбей, әкімшілікті күтіңіз депті. Бірақ ол қақпадағы саңылау арқылы қарудан көздеп тұрып, инемен атып түсірген. Иттің жанталаса қыңсылаған дауысына басқа кеңселердің де қызметкерлері жүгіріп шықты. Біз дереу улы дротикті суырып алып, итті ветеринарлық емханаға алып бардық, бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады, - деп әңгімелейді Эльмира.

- Мұндай жағдайды болдырмас үшін ескерту жасап, айыппұл салуға болады ғой, бірден оңға-солға оқ атпай-ақ, - дейді басқа бір қызметкер.

Атырауда қаңғыбас иттерді аулау қызметінің жеке аумақтардағы иттерді атып тастаған оқиға жалғыз бұл емес - бұл туралы әлеуметтік желілерде көп жазылды.

«Атырау қалалық ветеринариялық станциясы» КМК-на қоңырау шалып, қаңғыбас иттер мен мысықтарды ату ережелері туралы білуге тырыстым. Директор орнында болмады, өзін таныстырмаған өте қызба әйел бұл рәсімді түсіндіре бастап, ең соңында тұтқаны лақтыра салды. Ал менің одан кейінгі қоңырауыма көп нәрсені білмейтін практикант жауап берді, дегенмен де біраз жайтты білдім.

- Ит ату қандай уақытта жүргізілуі тиіс?

- Таңертең ертемен, бірақ егер күн ішінде тұрғындардан өтініштер түссе, біз жедел әрекет етіп, дереу ит атушыға хабарлаймыз. Ол мәлім айтылған жерге барып, өз жұмысын орындайды.

- Бірақ, ол кезде, куәгерлер, соның ішінде балалар болуы мүмкін әрі байқамай адамға тиіп кетуі де ықтимал ғой.

- Біз ит атушыға ұқыпты болуды ескертеміз.

Мен кейінірек ветеринариялық станция директоры Нұртай БӘЖЕНОВКЕ телефон соғып, кеңсе ауласындағы істің жайын сұрадым. Бірақ кенеттен байланыс үзіліп кетіп, келесі қоңырауларға қайтадан практикант жауап берді.

БИРКАЛАР МЕН ПАНАЖАЙ ТУРАЛЫ

Тақырыптың жалғасы: жақында жергілікті ветеринариялық емханалардың бірінде иттерге арналған сары айырым биркалары қолданыла бастады. Олардың алғашқы иегерлері – Атыраудағы ерікті топтардың бірінің қамқорлығындағы Белка және Грета. Биркада емхананың атауы мен реттік нөмір жазылған. Осы жануарлар туралы ақпарат оның деректер базасында сақталады. Белка мен Грета ұрықсыздандырылған, көп ұзамай оларға құтыруға қарсы екпе егіп, ветеринариялық паспорт ашады.

- Біз мұндай бирканы жарты жылдай іздедік. Бір зауытпен хабарласып, ең жеңіл әрі кішкентай түрін таңдадық. Қазір бұралқы жануарларға көмек көрсету топтарымен бірге иттерді аулау және ату шарттарын өзгерту туралы өтінішпен әкімдікке хат дайындаудамыз. Сондай-ақ, қала тұрғындарына құлақтарында сары жетоны бар иттердің қауіп төндірмейтіндігін хабарлағымыз келеді, - дейді емхана дәрігері Диана ӨТЕТІЛЕУОВА.

Бұралқы жануарларды жалдамалы базадан панажай ашқан «Мейірімді жүрек» тобының еріктілеріне беруге болады.

- Қазір бізде шамамен 70 ит бар. Алдымен ауру жануарларды ғана қабылдауға тырыстық, оларды емдедік. Қазір бәрін қабылдаймыз - аяймыз, бәріне де өмір сүру құқығын бергіміз келеді, - дейді ерікті Альфия ОҚАШЕВА.

- Өткен жылы сіздер облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қабылдауында болдыңыздар, ол үлкен панажай салу үшін жер телімін бөлуге көмектесемін деп келісті. Қандай нәтиже бар?

- Қазір біз панажай жоспарымен жұмыс жасап жатырмыз. Атырауда бұралқы жануарларға арналған алғашқы орын ашылады деп үміттенеміз. Егер биліктен көмек болмаса, қазіргідей жұмыс істеуді жалғастырамыз, яғни, демеушілер іздестіріп, бұған бей-жай қарамайтын жандардың көмегіне үміт артамыз.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

30 сәуір 2018, 20:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.