Атырау, 23 қыркүйек 19:35
Түнде ашық+14, таңертең +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

"Айқасқа" тек қыздар шығады    

4 наурыз 18:14


Атырау облыстық арнайы дайындық басқармасының оқу орталығында көктемнің алғашқы күндері қала мен аудандардан келген 35 полиция әйел бір апталық біліктілік арттыру курсынан өтіп жатыр.

Үш топқа бөлінген олар казармалық жағдайда өмір сүріп, таңнан кешке дейін өз кәсіптерінің қыр-сырларын үйреніп жатыр. Физикалық және атыс дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Бұларды көргенде «нәзік жандылар» деп айтуға ауыз бармас. Өйткені пысық қыздар «қылмыскерді» әп-сәтте қайырып тастайды. Мергендіктері де керемет, тирдегі дайындық бұған дәлел.

Алтай БАЙСҰЛТАНОВ, арнайы дайындық басқармасының бастығы:

- Біздің курстарда ер адамдар мен әйелдерге қойылатын талап бірдей. Оқытылатын пәндердің арасында дінтану да бар, бүгінде бұл өте өзекті мәселе. Курсты аяқтағаннан кейін қызметкерлер нормативтер тапсырып, сертификат алады.

Жазира ДҮЙСЕШОВА, Махамбет аудандық жергілікті полиция қызметкері: - Менің әкем 25 жыл құқыққорғау органдарында қызмет етті, содан шығар, бала кезімнен полиция болуды армандадым. Мектептен соң Алматыдағы ІІМ Академиясына түстім, міне 10 жылдан бері Махамбет АІІБ-те жұмыс жасап келемін. Қызметіміз оңай емес, алайда бұл мамандықты өзім таңдадым, еш өкінбеймін. 


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

2047 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

ІІД бастығы Аян Дүйсембаев - бағдаршамдар, таксилер, ауылдағы төбелес және полицейдің абыройы туралы   1516 рет қаралды

Алматы орталығындағы арнайы операция: Көлікке 8 рет оқ атылған  641 рет қаралды

ІІД үйі: «кемеңгерлік» шешім   1844 рет қаралды

Киевте шерушілер мен полиция қайта қақтығысты  767 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6