Атырау, 25 қараша 22:29
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Шақырылған дәрігерлерді пәтер мәселесі «бұзды» ма?

1 884 просмотра


«Басқа облыстардан Атырауға шақырылған және уәде етілген тұрғын үйге қолдары жетпеген тәжірибелі 17 дәрігер үйлеріне қайтуды жоспарлап отыр» деген әлеуметтік желілерде пайда болған пост көпшіліктің назарын аударды. Өңірімізде сауатты мамандардың тапшылығына байланысты осы жерде өмір сүріп, жұмыс істеуді жоспарлап келген дәрігерлерге кері кетуге мүмкіндік беру ақылға қонымсыз.

Шақырылған дәрігерлер туралы ақпарат жинау оңай болған жоқ. Олар неліктен екені белгісіз, баспасөзден қорқып, үшінші тараптар арқылы әрекет етуге тура келді; барлық адамдарға сұрақтар қойылды, бірақ шақырылған дәрігерлердің біреуінің күйеуі ғана сөйлесуге келісті: «Әйелім қазір қаладағы ауруханалардың бірінде жұмыс істейді. Мен де дәрігермін, осы жерде жеке емханаға жұмысқа орналастым. Әйелімді жарты жыл бұрын шақырды, бірақ әлі күнге дейін пәтер жалдау ақысының 50%-ын төлейміз, екінші жартысын аурухана төлейді. Бізге келген бойда пәтер береміз деп уәде етті, бірақ іс жүзінде, тіпті, уақытша тіркелген де жоқпыз. Ұлым қыркүйекте бірінші сыныпқа барады, бірақ тіркеусіз оны мектепке қабылдамайды... Баспанаға қатысты облыстық денсаулық сақтау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына, ведомоствалық инстанцияларға жүгінгенімізбен, ештеңе шықпады: біреулері сенімсіздікпен уəде берсе, енді бірі қыр көрсетіп теріс айналады. Бізді бұл жерде не ұстап тұр? Менің жұмысым. Бірақ тамыз айының соңына қарай бұл мәселе шешілмесе, өзім әзірге қаламын, ал отбасымды кері Қостанайға жіберемін. Менің білуімше, тағы 16 адам Атырауда осындай мәселемен тап болып, кері кетпекші болып жатыр екен. Олардың бәрі осы жердегі мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінде еңбек етеді».

«АЖ» Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА сауалдар жолдады:  

- Біздің өңірімізге басқа қалалардан қанша маман шақырылды?

- Өткен жылы Атырау облысына 126 маман келді, олардың 75-і медициналық жоғары оқу орындарының түлектері және 51 дәрігердің тәжірибесі бар. Биыл түрлі мамандықтағы 160 дәрігер келмек. Қазіргі уақытта реаниматологтар, акушер-гинекологтар, балалар аллергологтары, хирургтар, эндокринологтар, онкологтар сұранысқа ие.

- Біздің облысымызға дәрігерлерді тарту үшін не жасалып жатыр?

- Біз жоғарғы оқу орындарының түлектерімен әңгімелер өткіземіз, оларды осы жерге жұмысқа шақырамыз. Қарағандыда, Ақтөбеде, Алматыда, Семейде, Шымкентте, Астанада болдық. Өткен жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша келген мамандарға 19 қызметтік пәтер берілді, тағы 8 маман жалдамалы тұрғын үй алды, 10 үй бөлінді.

Яғни, мамандардың бәрі бірдей тұрақты немесе уақытша болса да баспанамен қамтылмаған.

Пәтер ала алмай, үйлеріне қайтуды жоспарлап отырған 17 дәрігерге келсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасында мұндай ақпарат жоқ деп жауап берді.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

27 шілде 2018, 17:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.