Атырау, 21 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Арнайы құрылғылар келесі жылы болады

– Облыстық оңалту орталығының жаттықтыру залы мүмкіндіктері шектеулі жандарға мүлдем лайықсыз. Барлық жаттығу құрылғылары дені сау адамдарға арналған. Арбаға таңылған жандарға ол жерге барудың қажеті жоқ. Тіпті, ІІ топ мүгедегі маған да (апаттан кейін ақсаңдап жүремін) бір жаттығу құрылғысы ғана лайықты. Жаттығу залына жабдықтар сатып алған кезде мүгедектер туралы неге қаперге алмаған? Бұл жаттығу құралдарын қашан ауыстырады? 29 қыркүйек 2011, 20:03 2 077 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Банктің келісімін алыңыз

– Алғалы жатқан пәтерім кепілдікте тұрған еді. Мен қалған несиенің сомасын аванс ретінде төлеп, ал мүлік кепілдіктен алынғаннан кейін қалған соманы төлейтін болып, сатушы екеуміз келісім жасамақ болғанбыз. Бірақ мен сатушының денсаулығына алаңдаймын. Біздің мәмілеміз аяқталғанша, оның аман-сау болатынына сенімді болмай отырмын. Егер ол шынымен де мәмілеміз аяқталғанша о дүниелік болса ше? Маған оның туысқандарын іздеп тауып, аза тұтып отырған адамдардан пәтер құқығымды талап етуіме тура келе ме? 15 қыркүйек 2011, 23:32 2 175 рет қаралды
Тұтынушы таңдау құқына ие Сұрақ-жауап

Тұтынушы таңдау құқына ие

– Монополист тұтынушыға есептегіш құралын қайдан сатып алатындығын айтып, бұйыруға құқылы ма? «Атырау Энергосату» мекемесінде маған есептегіш құралды Уәлиханов көшесіндегі өздерінің ғимаратына қарсы дүкеннен сатып алу керектігін айтты. Есептегіш құралдар онда 7 000 теңге тұрады. Мен сол есептегішті... 18 тамыз 2011, 23:17 3 345 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«Нұр-нама» тексеруден өткен жоқ

– Жақында мен «Нұр-нама» кітабын сатып алдым, ол кітапта бақытқа жетудің жолдары туралы айтылып, бұрын мен ешқашан естіп көрмеген арнаулы дұғалар келтіріледі. Оларды оқуға бола ма?  Және тағы да білейін дегенім, діни әдебиеттерді қалай дұрыс пайдаға асыруға болады? 11 тамыз 2011, 20:24 16 674 рет қаралды
Тұрғындар жиналысында бекітіледі Сұрақ-жауап

Тұрғындар жиналысында бекітіледі

– Таяу күндердің бірінде бізге үйімізге қызмет көрсетуші «Кенже» ПИК-нің пайдалану шығындарының тарифін өсіргендігі жөнінде хабарлама келді. Білейін дегенім, ПИК біржақты тәртіп бойынша тарифті көтере алама? 4 тамыз 2011, 23:04 2 346 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Алдап соққан акция

– Өткен жылдың қыркүйек айында мен «Хаггис» компаниясының «Получи большой домик» акциясына қатыстым.  Олар 8 штрих-кодқа балалар үйшігін беруге тиісті болды. Компания өкілдері «Атаба» дүкендер желісінде тұрды.  8 қорап «Хаггис» өнімін сатып алу керек болатын. Бірақ, сол кезде маған және басқа да қатысушыларға үйлердің қолда жоқ екендігін айтты. Біздің телефондарымызды жазып алып, Алматыдан келген бойда байланысуға уәде етті. Алайда, күні бүгінге дейін ешкім де хабарласқан жоқ және көрсетілген телефондары жауап бермейді. Мен өз акцияларының талаптарын орындамаған «Хаггис» компаниясына шағымдана алам ба? 30 маусым 2011, 18:50 2 946 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сыйға тартылған пәтерден үміттенбей-ақ қойыңыз

- Осыдан үш жыл бұрын күйеуім 10 жастағы қызына пәтерді сыйға тартты. Ол пәтерді біз некелескен кезде сатып  алған едік, пәтерді қызмыздың атына рәсімдегеніне мен қарсы болған жоқпын. Енді біз ажырасып жатырмыз, күйеуім болса, мүліктің бәрін соның ішінде қызына сыйға тартқан пәтерді де бөліске салғысы келеді. Ол  мүліктің барлығы ортақ деп есептейді. Қызымның жасы әлі кәмелетке жете қойған жоқ және біз сол пәтерде тұрып жатырмыз. Сыйға берілген пәтерді бөлуге бола ма? 23 маусым 2011, 20:01 4 090 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кезегіңіз жойылмайды

– 2004 жылы жер учаскесіне кезекке тұрып, 2006 жылы анамнан мұраға учаске алдым. Жерге құқығым және кезектегі орным сақтала ма? – Жер учаскесін берер алдында жер учаскесінің болу фактісін тексере ме әлде мен кезегім бойынша жер алар кезде өзім жер сатып алғанымды хабарлауға тиіспін бе? 16 маусым 2011, 00:00 2 718 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қателік болмас үшін құжат керек

– Маған пәтерімнің банкте кепілдікте тұрмағандығы туралы анықтама қажет болған еді. Жалпы мұндай анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығы тек жеке бас куәлігімді көрсеткен жағдайда бере алады. Ал іс жүзінде олар мүлікке құқығымды растайтын құжаттар әкелуімді өтінеді? Не үшін? 16 маусым 2011, 01:07 2 103 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Балалар алаңын қалай сақтап қалуға болады?

– Халық арасында медиктер үйі деп аталатын үйіміз 1993 жылы пайдалануға берілген болатын. Содан бері ауламызда абаттандыру тұрғысында ешқандай жұмыстар жасалмаған. Балалар кез-келген жерде ойнай береді. Наурыз айында ауламызда 7 жасар баланы машина қағып кетті. Біз «Рахман» ПИК-іне әлденеше рет балалардың ойын алаңдарын жасақтап, жалпы ауланы абаттандыру шараларын алу жөніндегі талабымызбен шыққан болатынбыз. 16 маусым 2011, 01:11 2 757 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әуре қылған тауар

- Жақын арада жанар-жағармай стансаларының бірінен ауа тазартқыш сатып алған едім. Ол жарамсыз боп шықты. Мен тауарды кері қайтарғым келген. Бірақ оны кассир чек соғып қойдым деп қабылдамай, тауарды әлдебір фирма жеткізеді, соған барыңыз дегенді айтты. Қандай ақымақтық десеңізші, қазір тауарлардың жартысы Қытайдан әке-лінеді емес пе?! Сапалық тұрғыда талап қою үшін Қытайға бармайтын шығармын. Ауа тазартқыш қымбат тауар емес. Оны лақтыра салуыма болар еді. Бірақ жанар-жағармай стансаларында азық-түліктерді де сатады ғой. Ал бұл жағдайда сапасыз тауар үшін кім жауап береді? 19 мамыр 2011, 18:23 2 761 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әнтек әрекеттің әлегі

- 29-сәуірде коммерциялық кассалардың бірінен теміржол билеттерін сатып алған едім. Сатып алар кезде кассирге Шетпеге 6-мамыр күні таңертең жетіп және сол күні кешкісін кері қайтуымыз керектігін, бізбен бірге егде тартқан үлкен адам бар екендігін әлденеше рет түсіндірдім. Кері қайтарда кассирдің бізге Шетпе - Атырау бағытындағы билеттерді 6-мамыр күні сағат 00.25-те жүретін пойызға, яғни бір тәулік бұрын өтіп кеткен бағытқа жазып бергенін анықтадық. Айқай-шумен әжемізді қасына еріп жүрген адаммен бірге пойызға мінгізіп жібердік. Бірақ оларды Бейнеуде вагоннан түсіріп тастапты. Атырауға дейін олар әрі қарай таксимен жеткен. Жүйкені жұқартқан әбігердің, жол азабының салдарынан әжеміз ауырып қалды. 19 мамыр 2011, 18:29 2 232 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ыммен түсіну тіліне екі айда үйренуге болады

- Мен Атырауда сурдоаудармашылар жетіспейді деп естідім. Бір аудармашыға он саңырау-мылқау жаннан келеді екен, тіпті оған кезекке жазылатын көрінеді. Сурдоаудармашылардың жалақылары төмен дейді ғой, дегенмен мен оларды қайда оқытатындарын білгім келеді? Зағип жандардың қалай болғанда да жағдайын ойлаған жөн емес пе? 19 мамыр 2011, 18:31 3 714 рет қаралды
Міндетті түрде түбіртек сұраңыз Сұрақ-жауап

Міндетті түрде түбіртек сұраңыз

– Наурызда қала дүкендерінің бірінен 13 000 теңгеге туфли сатып алған едім. Маған чек берген жоқ. Туфлиді тек сәуірде ғана кидім, өйткені оған дейін күн салқын болған еді. Бір апта өтпей туфлиім жыртыла бастады. Мен оны дүкенге апарып едім, ондағылар қабылдамады. Тіпті дүкен қожайынының есімін атағылары да келмеді. Талабымды кімге қоярымды білмей жүрмін... 11 мамыр 2011, 18:53 5 823 рет қаралды
Бассейнге дәрігер арқылы барыңыз Сұрақ-жауап

Бассейнге дәрігер арқылы барыңыз

– Баламды «Мұнайшыдағы» бассейнге жазғым келеді. Бірақ ол жердегілер бір айға төленген ақша қайтарылмайды деп ескертті. Ал егер бір аптадан соң баламның хлорлы суға аллергиясы болса немесе ауырып қалса, 8000 теңге желге ұшты деген сөз бе? Бәлкім, бассейн басшылығы қолайсыз ережелер орнатпай, ымыраға келетін шығар? Өйткені бұл кешен біздің ақшамызға және біз үшін салынған емес пе?! 11 мамыр 2011, 18:56 2 886 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есептен шығаруға болады

– 1991 жылы біз мотоциклді бас сенімхат бойынша сатқан болатынбыз, ал, жақында бізге салық комитетінен қуаттылық бойынша салынатын салықтан сол уақыттан бері бережақтарымыздың бар екендігі туралы хат келді. Кейін мен сатып алушының Дамбы поселкесінде тұрғандығын анықтадым, алайда, ол адамның 2007 жылы суға кетіп, қайтыс болғандығы белгілі болды. Мотоциклдің құжаттары, мотоциклдің өзінің қайда екендігін бізге хабарлаған жоқ. Қолымызға тек ол адамның өлгендігі туралы анықтаманы берді. Дегенмен, біздер салықты төледік. Енді әрі қарай не болмақ? Біз енді  бұдан былай да бөтен біреудің атындағы мотоцикл үшін төлей береміз бе? 4 мамыр 2011, 19:30 2 459 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тетігі көп телефон

Атыраулық «Алтел» компаниясы кеңсесінің клиенттерге қарым-қатынас жасау тұрғысындағы қызметіне өз наразылығымды білдіргім келеді. Жақында сол жерден HTC EVO 4G маркалы телефонды нөмірімен бірге сатып алған едім. Алайда сатып алған затымды бірден ала алмадым. Өйткені қоймашы орнында болмай шығып, ол тек сағат 15-терге таман ғана жұмысқа келді. 4 мамыр 2011, 21:25 2 768 рет қаралды
Пайдалану мерзімі бес жыл Сұрақ-жауап

Пайдалану мерзімі бес жыл

– Келесі аптада үйіме су есептегіш құралын орнатпақпын. Сумен қамту төлемақысы қандай болмақ? Өйткені жарты ай бойына есептегішім болған жоқ қой. Екіншіден, көршілер 2010 жылдан кейін шығарылған есептегішті сатып алу керек дейді. Осы рас па? 20 сәуір 2011, 19:56 2 748 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз!

Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді.  Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген. 13 сәуір 2011, 21:34 2 807 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көлік рәсімі қашан бітеді?

- Мен автосалоннан көлік сатып алған едім. Құжаттар пакетін 18-ші қаңтарда ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу-емтихан бөліміне тапсырдым. Бірақ әлі күнге дейін көлігімді есепке қоя алмай, техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмір ала алмай жүрмін. Тіркеу-емтихан бөліміндегілердің айтуынша, бұл әлдебір сұранысқа және кеденнен келетін жауапқа байланысты екен. Тағы қанша күту керек? 17 ақпан 2011, 00:00 2 683 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бастапқы техникалық тексеру бәріне міндетті

- Жақында біздің жүргізушімізге мемлекеттік мекеме сатып алған жаңа көліктің техникалық тексеруден өтпегені үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Алайда менің білуімше, жаңа машиналарға техникалық тексеру тек 3 жылдан кейін ғана жүргізіледі ғой. Осы дұрыс па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 773 рет қаралды
Қарияларға көмектескім келеді Сұрақ-жауап

Қарияларға көмектескім келеді

- Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жалғызбасты қарияларға көмектесетін патронатты бикелер бар ма? Қалалық бөлімге олар қажет пе екен? Менің жалғызбасты қарияларға азық-түліктерін сатып әперіп, шаруашылықтарына көмектесуге бос уақытым бар. Патронатты бикелерге қандай талаптар қойылады, еңбекақы төлене ме және т.б.? 9 ақпан 2011, 00:00 3 221 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кері талап қоя аласыз

- «Мерседес» және «Ниссан» екі автокөлігі соғысқан кезде, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен  «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі болып шықты. Оның үстіне қолында машинаны жүргізуге құқық беретін сенімхаты жоқ. ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3 – бөлімдері бойынша (зардап шегуші орташа ауырлықтағы жарақат алды) кінәлінің үстінен қозғалған іс екі тараптың ымыраласуына байланысты тоқтатылды. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 923 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Батыр аналарға кедендік жеңілдіктер жоқ

- Мен автокөлікті анамның не әйелімнің немесе ағамның атына сатып ала алам ба? Мұндай жағдайда кедендік рәсімдеуге байланысты проблемалар туындамай ма? Автокөліктерді кедендік рәсімдеу бойынша батыр аналарға қарастырылған жеңілдіктер бар ма? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 663 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жұмыс орыныңызда да тіркелуге болады

- Өткен жылы мен өз үйімді сатып, тіркелген мекен-жай есебінен шығып қалдым. Ал, биылғы жылы маған жеке куәлігімді міндетті түрде ауыстыруыма тура келіп отыр. Оның бәрі аса қиын шаруа болмағанымен, куәлікті алу үшін мекен-жайға тіркелуім тиіс. Мен қазір қалада шағын бір тұрғын алаңын жалға алып отырмын, алайда, тұрып жатқан үйіме немесе басқа бір мекен-жайларға тіркелу мүмкіндігім жоқ. Ондайда қалай істегенім жөн? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 634 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мүлік иесі төлеуге тиісті

- 2005 жылы менің күйеуім машинасын бас сенім хат арқылы сатқан еді. 2010 жылы біз жаңа машина сатып алдық. Ол үшін салықты да төледік. Сол кезде бізге ескі машинаның салығына қатысты қарыздардың  бар екендігі туралы айтпады. Енді келіп жақында біздің қарызымыздың бар екендігі анықталды. Біздің машинамыздың жаңа қожайыны 2006 жылғы қуаттылық салығын төлемеген болып шықты. Сол кезде машина күйеуімнің атағында болатын, сондықтан да қарыз соның атына жазылады ғой. Осыған байланысты  мынадай сауал туындап отыр- неліктен бізге қарыздарымыздың бар екендігі туралы сол өткен жылдар ішінде  немесе біз жаңа көлік сатып алған 2010 жылы хабарламаған? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 363 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Барлық балалардың қатысуымен рәсімделеді

- Күйеуіміз екеуміздің 8 ержеткен балаларымыз бар. Пәтер сатып алған кезде біз оны менің атыма, күйемнің атына және балаларымның бірінің атына рәсімдеген едік. Тамыз айында күйеуім қайтыс болды. Енді маған пәтерді өз атыма қайтадан рәсімдеуім керек. Балаларымның екеуі Ресейде тұрады. Олар маған өздеріне сол жақта жүріп, мұрагерліктен бас тарту жөніндегі құжатты рәсімдеп жүрмеуі үшін өзіммен бірге тұратын балаға кейін қалдырылатындай етіп рәсімде дегенді айтады. Оны қалай жасауға болады? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 927 рет қаралды