Атырау, 28 желтоқсан 07:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тұрғындар жиналысында бекітіледі

2 206 просмотра

  – Таяу күндердің бірінде бізге үйімізге қызмет көрсетуші «Кенже» ПИК-нің пайдалану шығындарының тарифін өсіргендігі жөнінде хабарлама келді. Білейін дегенім, ПИК біржақты тәртіп бойынша тарифті көтере алама?

Телефон арқылы

Қалалық ПИК Ассоциациясы төрағасы Асылбек МҮЛІКОВТІҢайтуынша, ПИК біржақты тәртіп бойынша тарифті көтеруге құқылы емес. «Тарифті көтеру мәселесі тұрғындардың жалпы жиналысында талқыланып, бекітілуі тиіс», - деді ол.

Біз түсінік алу үшін «Кенже» ПИК төрайымы Роза ЖЕКСЕНҒАЛИЕВАҒА хабарластық: «Сантехника жүйелерін жөндеу шығындарының артуына, шаю және жылу маусымына жөндеу-дайындау жұмыстарына, құрал-жабдықтарды сатып алуға  байланысты, сондай-ақ, ақшаның құнсыздануына: жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдарының қымбаттауы, азық-түлік өнімдерінің бағасының өсуі, коммуналдық қызмет ақыларының артуына байланысты біз тарифті 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап көтеруге мәжбүр болып отырмыз. Жеке тұлғаларға 1 текше метр үшін 3 теңгеге көтердік, ал, мүгедектер мен ҰОС қатысушыларға, жалғызбасты аналарға және басқа да әлеуметтік қорғалмаған топтарға тариф бұрынғы 20 теңге (1 текше метр үшін) көлемінде қалдырылды. Тариф заңды тұлғалар мен тұрғындардың  жалпы жиналысында осы жылдың 30 маусымында бекітілді».

4 тамыз 2011, 23:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.