– Жақында мен «Нұр-нама» кітабын сатып алдым, ол кітапта бақытқа жетудің жолдары туралы айтылып, бұрын мен ешқашан естіп көрмеген арнаулы дұғалар келтіріледі. Оларды оқуға бола ма? Және тағы да білейін дегенім, діни әдебиеттерді қалай дұрыс пайдаға асыруға болады?
Сәрсен Сәдуақасов
Сауалға «Иманғали» мешітінің наиб-имамы Еркебұлан ҚАРАҚҰЛОВ жауап береді:
–Сіздерге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діндік талдау және сараптама бөлімінің тексеруінен өткен кітаптарды ғана оқуға кеңес беремін. Бұл бөлімнің мамандары «Нұр-нама» кітабын бірнеше тексеруден өткізді. Кітапта бірқатар түсініксіз, тіпті араб тілінде жазылмаған мәтіндер де бар болып шықты. Сондықтан да бөлім қызметкерлері бұл кітапты одан әрі тексеруден бас тартты.
Ескі кітаптар, құран аяттары жазылған парақтар және хадистердің мәтіндерін күл-қоқыс жәшігіне лақтырмай жерге көму керек немесе мешітке тапсырған жөн.