Атырау, 28 желтоқсан 08:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тұтынушы таңдау құқына ие

3 194 просмотра

– Монополист тұтынушыға есептегіш құралын қайдан сатып алатындығын айтып, бұйыруға құқылы ма? «Атырау Энергосату» мекемесінде маған есептегіш құралды Уәлиханов көшесіндегі өздерінің ғимаратына қарсы дүкеннен сатып алу керектігін айтты. Есептегіш құралдар онда 7 000 теңге тұрады. Мен сол есептегішті, кабельді сатып алып барсам, маған олар бағаннан өзіңіз тартып, қосып аласыз, дейді. Біз тек нақты бір төлем арқылы ғана қосып бере аламыз, дейді. Кешіріңіз, ал мен болсам, 7 000 теңгеге есептегіш сатып алған екенмін, сол сомаға қосу қызметі де кіреді деп есептедім. Бәрібір өзіміз қосып алатын болған соң, дәл сондай  есептегішті «Арыннан» 4 500 теңгеге сатып алатын едім ғой».

www.azh.kz сайтынан

«Атырау Энергосату» ЖШС директоры  Эльмира ЕСЕМБЕРГЕНОВА:

«Атырау Энергосату» ЖШС» электр энергиясын есептегіш құралдарды сатумен айналыспайды және есептегіш сататын өз дүкендері жоқ. Тұтынушы электр есептегіштерді кез-келген дүкеннен сатып алуға құқылы. Бастысы, сіздің  сатып алған құралыңыз ҚР мемлекеттік бірыңғай өлшеумен қамтамасыз ету жүйесінің тізіліміне енгізілген болса болды. Және міндетті түрде тексерілген болуы керек. Электр жүйесіне қосуға қатысты айтарым, «Атырау Энергосату» ЖШС электр-монтажды жұмыстармен айналыспайды. Жаңа нысандарды қосу барысында біздің қызметкерлеріміз есетегіш құралдың дұрыстығын тексереді және пломба салып, екі жақты акт жасалады, содан кейін есептеу осы есептегіш арқылы жүргізіледі».  

Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Атырау облыстық департаментінің директоры Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА:

«ҚР табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 11-бабы, 4-тармағына сәйкес, табиғи монополиялар субъектісінің қызметін тұтынушы  (тауар, жұмыс) коммуналдық  қызметті (тауарлар мен жұмыс) реттеуші есептегіш құралдарды алуға міндетті.

Коммерциялық есептеу құралдарын орнату 2005 жылғы 24 қаңтарда бекітілген №10 электр энергиясын пайдалану Ережесінің талаптарымен қарастырылған тәртіп және электр энергиясының есебін ұйымдастыру бойынша қолданылып жүрген нормативтік техникалық құжаттар бойынша орындалады. Электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғалары электрмен жабдықтау ұйымынан тұтынған электр энергиясын есептеу үшін қажетті коммерциялық есептеу қондырғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс. Электр энергиясын есептеу үшін бірыңғай өлшеумен қамтамасыз етілетін мемлекеттік тізілімге енгізілген үлгідегі есептегіш қондырғылар қолданылады. Тұтынушы электр есептегіш құралды қаланың кез-келген дүкенінен алуға құқылы».

18 тамыз 2011, 23:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.