Атырау, 27 желтоқсан 15:20
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Кезегіңіз жойылмайды

2 588 просмотра

– 2004 жылы жер учаскесіне кезекке тұрып, 2006 жылы анамнан мұраға учаске алдым. Жерге құқығым және кезектегі орным сақтала ма?

Телефон арқылы

– Жер учаскесін берер алдында жер учаскесінің болу фактісін тексере ме әлде мен кезегім бойынша жер алар кезде өзім жер сатып алғанымды хабарлауға тиіспін бе?

Телефон арқылы

– Қазақстанның кез-келген азаматы ақысыз негізде жеке тұрғын құрылысына бір мәрте жер учаскесін алуға құқылы, - деді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА қалалық әкімдіктің құқықтық бөліміне сілтеме жасап. – Сондықтан мұралыққа алынған жерге қарамастан, учаскеге құқығы мен кезектегі орны сақталады. Алайда жер алу кезегінде 30 мыңнан аса адам бар екенін ескерсек, учаске беру кезінде арыз берілген уақыт бойынша бірде бір учаскесі жоқ азаматқа басымдылық беріледі. Яғни, жер берілген кезде кезекке тұрушының мәліметтері тексеріледі. Арыздары бір күнде берілген екі адамның, жер учаскесі жоғына бірінші беріледі. Бірақ бұл егер сіз жер алған болсаңыз немесе оны сыйлыққа алсаңыз, өзіңіздің конституциялық құқығыңызды пайдалана алмайсыз деген сөз емес. Мұндай меншік фактісі тек сіздің кезегіңізді кейінге ысырады.

16 маусым 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.