
Жылыой ауданында Бақашы және Қарағай елді мекендерінде гидротехникалық шлюз құрылысы толықтай аяқталған. Шлюздер арқылы Құрсай өзегіне жіберілетін суды тиімді реттеуге мүмкіндік бар.
Жем өзені бойындағы гидротехникалық шлюздің биіктігі 3,5 метр болса, ал ұзындығы 125 метрді құраған. Шлюз су ағынын реттеу, деңгейін бақылау және қауіпсіз өткен ағынды тоқтатуға болады. Артық суды реттеп, елді мекендерді су басудан қорғайды.
Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Нұрланов мәлімдегендей, аудан бойынша 68,6 шақырым болатын су тасқынына қарсы бөгеттерді нығайту жұмыстары жасалды. Бөгет көтеру жұмысына 50-ден астам техника, 150-ге жуық адам жұмылдырылды. Жем өзенінің қауіпті тұстарына 1500 дана топырақ толтырылған тоник қапшықтар қойылды.

Сонымен бірге Жем ауылдық округінде 7 шақырым, Қара-Арна округінде 9 шақырым шамасында судың кедергісіз еркін шығуы үшін өзектер аршылып, қамыстардан тазартылды.
Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түп тереңдету және жаға бекіту жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы толық аяқталған болатын. Жоба бойынша түптереңдету жұмысының жалпы ұзындығы 95, 3 шақырымды құрайды.
Аудандық әкімшіліктің мәліметі бойынша, Ақтөбенің Мұғалжар тауындағы қарды тікұшақпен қарап барлап келген. Қарлар толық ери қоймаған, дегенмен ауданға "қызыл су" келіп жатырған көрінеді.

Қазір шлюздердің барлығы ашылған, көктемгі өр суы Құрсай өзегіне құйылып, Қамыскөлге жеткен. Ендігі мақсат Қамыскөлді толтырып, құрғақшылықтан сақтау болып отырған көрінеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді тсүірген автор
В Атырау -10