
Грузияның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, полиция жеті күдіктіні Ресей азаматтарын тонау және ұрлауға әрекет жасағаны үшін ұстады.
Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушылар түнде пәтерге «газдың жылыстауын тексеру» сылтауымен кіріп, суық қарумен қорқытып, 2000 доллар, телефондар мен ноутбукты тартып алған. Кейін жәбірленушілерді ұрып-соғып, тағы 300 мың доллар талап еткен.
Күдіктілер ресейліктерді көлікке отырғызып, Тбилисиден Марнеули муниципалитетіне қарай алып кетпек болған.
Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 144 және 179-баптары бойынша жүргізілуде. Бұл баптар тонау, күш қолдану, кепілге алу және заңсыз басып кіру әрекеттерін қамтиды. Жаза мерзімі – 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
ІІМ зардап шеккен ресейлік азаматтардың аты-жөнін жариялаған жоқ.
В Атырау -10