- Мен жақында Сарыөзектегі жалғыз тұрған №1 бесқатарлы үйден пәтер сатып алғанмын. Ал бұл үйдің жылуы мен суы болмайтынын кеш білдім. ПИК - те жоқ мұнда. Енді не істеуге болады?
Телефон арқылы
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Рафхат ЖОЛДИЕВТЫҢ айтуынша, бұл үйде орталық жылу жүйесі бұрыннан жоқ. Ол жекеменшік пәтерлер болғандықтан, тұрғындар өздері ақша жинап, жылуы мен су жүйесін ретке келтіріп алуға тиісті. Болмаса, әр тұрғын өз пәтеріне жеке жылыту қазандығын сатып алуға мәжбүр болмақ.