Атырау, 30 желтоқсан 22:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Тапанша ұстауға тыйым жоқ

3 016 просмотра

– Менде сақтауға және алып жүруіме рұқсат етілген «Оса» деп аталатын зақым келтіретін тапанша бар. Тағы бір зақым келтіретін тапанша сатып ала аламын ба?

Дәурен

Атырау облыстық ІІД-нің лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің аға инспекторы  Талғат УСИЕВТІҢ айтуынша, заңда бұған тыйым салынбаған. Алайда полициядан зақым келтіретін қаруды сатып алуға рұқсат керек, ол үшін қажетті құжат пакеттерін жинақтау қажет.

Бұлар жеке бас куәлігінің, СТН-ның, үй кітабының көшірмелері немесе мекен-жай бойынша анықтама, 3х4 көлемдегі екі фотосурет, оқу курстарынан өткендігі туралы «Динамо» қоғамынан алынған анықтама. Ол үшін «Динамоға» (ҚІІД ғимаратының артқы жағында) барып, курс ақысын төлеп, милиция мектебіне жолдама алады. Мектепте курстарды аяқтаған соң сізге тиісті анықтама береді, оны «Динамоға» апаруыңыз керек. Содан соң учаскелік полиция инспекторынан мінездеме алу қажет. Ол үйде тапаншаны сақтауға арналған сейф бар екендігі туралы актіні толтырады. Сейф қозғалмайтын (мәселен, қабырғаға бекітілген) және балалардың қолы жетпейтін жерде орналасуы тиіс. Сондай-ақ, жүйке-неврологиялық және наркологиялық диспансерлердің окулист дәрігерлерінен анықтама (диспансерлерде анықтама тіркеу куәлігін немесе әскери билетті көрсеткен жағдайда беріледі) және мемлекеттік баж салығының төленгендігі туралы түбіртек керек.

Құжаттар пакеті ҚІІБ-нің лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің бөліміне тапсырылады. Тапанша нөмірі сақтау және алып жүру құқығына берілген рұқсат құжатына жазылады.

15 қыркүйек 2011, 23:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.