Атырау, 25 желтоқсан 08:32
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

Экспат әйелдерге Қазақстан ұнап тұр Басқа жаңалықтар

Экспат әйелдерге Қазақстан ұнап тұр

www.internations.org сайты 2018 жылғы экспаттарға арналған үздік және нашар елдердің дәстүрлі рейтингін жариялады. Қазақстан 68 елдің арасында 49-орын алған. Ал бір жыл бұрын 35-орында болатын. Бірақ жеке «әйелдер» рейтингінде біздің еліміз жоғары 6-орында тұр. 11 наурыз 2019, 16:29 2 611 рет қаралды
Қырдың қызыл гүлдері Басқа жаңалықтар

Қырдың қызыл гүлдері

...Сиыр мен түйені  өзім сауамын, шұбат дайындаймын. Қаймақ, сүзбе, сары май, құрт, ірімшік - бәрін жасаймын. Соны пұл қыламыз, тамақ, басқа қажеттілікке жаратамыз. Айналамызда қыстақ көп, бірақ әйелдер жоқ, көмекшілер ретінде ер адамдарды жалдайды. Басқасы басқа, сиырлардың сүттері ағып жүргеніне жаным ашиды, оны сауып, оқсататын әйел азайды. Үйдің қазығы әйел қырда тұрмағасын не берекет болады,- деді шәй қамына кіріскен Қымбат апа. Сурет Бейнежазба 7 наурыз 2019, 15:38 7 648 рет қаралды
Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің жалақысы ұнады Басқа жаңалықтар

Студенттерге сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің жалақысы ұнады

Жергілікті жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесуде Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросы департаментінің басшысы Нығмеджан САПАРОВ пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ өз ведомстволарының айырмашылығын айтып, білім департаментінде және Атырау ҚІІБ-дегі пара алушылар ұсталғаны түсірілген бейнежазбаны көрсетті, сондай-ақ, олар өз қызметкерлерінің жалақысы туралы және басқа да сұрақтарға жауап берді. Сурет 5 наурыз 2019, 12:30 3 322 рет қаралды
Судағы апатқа кінәлінің бас бостандығын шектеді Басқа жаңалықтар

Судағы апатқа кінәлінің бас бостандығын шектеді

№2 Атырау қалалық соты Жайықта екі байда соғысып, адам қаза болған оқиғаға кінәлі 33 жастағы жергілікті тұрғынға үкім шығарды. Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Ш. Р. өткен жылдың қазанында сағат 21:30-да моторлы қайықпен Еркінқала жаққа шығып, басқа қайықпен бетпе-бет соқтығысып қалады. Нәтижесінде екінші қайықтағы 19 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 4 наурыз 2019, 10:10 2 180 рет қаралды
Жазбаң үшін жауаптысың Қоғам

Жазбаң үшін жауаптысың

Бүгінде әрқайсымызда дербес бұқаралық ақпарат құралдары бар десек, артық айтқан болмаспыз. Ойыңдағыны сал, өз еркіңде. Бірақ, кез-келген игі нәрсе секілді, оның да сұрауы болады. Кейде бас бостандығыңмен өтеуің мүмкін. Әлеуметтік желілерде ақылмен екшеп, пост жазып, пікір білдіріп, қырағы органдардың көз қырына қалай ілікпеуге болады? 2 наурыз 2019, 09:00 4 406 рет қаралды
Балық сөрелері сиреп қалды Басқа жаңалықтар

Балық сөрелері сиреп қалды

«АЖ» сайтындағы сауалнамаға жауап бергендердің төрттен үш бөлігі былтыр желтоқсанда Жайықтағы қара балық пен бекіре тұқымдастардың жаппай қырылуынан кейін балық сатып алуды тоқтатқандарын мәлімдеді. Біздің тілшіміздің қалалық ветеринария бөлімімен бірге «Дина» және «Мұрагер» базарларында жүргізген рейді бүгінде осы сауда бөлімінің едәуір дағдарысқа ұшырағанын көрсетті. Сурет 25 ақпан 2019, 11:31 3 858 рет қаралды
Тағы бір жыл Басқа жаңалықтар

Тағы бір жыл

Бүгін, 20 ақпанда, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ «Жайық» спорт кешенінде жұртшылық алдында 2018 жыл үшін есеп берді. Бұл шараға ҚР қоғамдық даму министрі Дархан ҚАЛЕТАЕВ, облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, бұрынғы бірінші орынбасарлар – қазіргі сенаторлар Ғұмар ДҮЙСЕМБАЕВ пен Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ келді. Айта кету керек, соңғы екеуін кейінірек залдан сөйлегендердің бірі мысқылмен АҚШ долларына теңеген еді.  Сурет 20 ақпан 2019, 19:33 4 121 рет қаралды
Төлемегеннің ақысы ма? Басқа жаңалықтар

Төлемегеннің ақысы ма?

«Жертөлелер суға толған, бірінші қатардағы пәтерлер іші қыста сыз, жазда масаға толы. Кіреберістерде электр қораптары ашық, ток желілері салбырап тұр. ПИК мүлдем жұмыс істемейді...». Тұрғындардың осындай шағымдарымен «АЖ» тілшісі Мақат ауданының орталығына барып, олардың сөздеріне көз жеткізіп қайтты. Ал ПИК қызметкерлері өз кезегінде кассаның бостығын алға тартады: қай ақшамен жасаймыз? Сурет Бейнежазба 19 ақпан 2019, 15:48 4 106 рет қаралды
Қатерлі ісік: үрей мен үміт Басқа жаңалықтар

Қатерлі ісік: үрей мен үміт

Демалыс күндері Атырау облыстық онкология диспансерінде Ашық есік күні өтті. Шараға барған «АЖ» тілшісі жай мақала жазып қоймай, жергілікті мамандарға тексерілгенді жөн көрді. "Кенет ісік табылса ше?" деген қорқыныш та болды: басқа келушілердің бойында да сол үрей. «Онкологқа бірінші рет келіп тұрмын. Қорқынышты екен. Тіпті, кішкентай меңнің өзі қатерлі ісікке апаруы мүмкін дейді», - деді тіркеу бөлімінде тұрғанда бір әйел сезімін жасыра алмай... Сурет 19 ақпан 2019, 15:47 9 812 рет қаралды
Атырауда түнгі қарақшылар ұсталды Оқиға

Атырауда түнгі қарақшылар ұсталды

14 ақпанға қараған түні 102 пультіне Атырау қаласы Азаттық даңғылында тұратын әйел қоңырау шалып, пәтеріне кірген төрт бейтаныс еркек пышақпен қорқытып, телефоны мен бар ақшасын алып кеткенін хабарлады. 19 ақпан 2019, 19:42 4 173 рет қаралды
​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​ Қоғам

​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​

Қала тазарту қызметін жақынырақ білу үшін бір күн «Арнайы автобаза» қызметкері болуды ұйғардым. Бірақ сынақ аяқталғанда арқамның қатты ауыратынын білгенде мұны жасамас едім. Сурет Бейнежазба 14 ақпан 2019, 00:00 4 427 рет қаралды
Алтын алқаның артында Қоғам

Алтын алқаның артында

Астанада ата-анасы түнде жұмысқа кеткен кезде өртеніп кеткен бес баланың қайғылы қазасы елді аяғынан тік тұрғызды. Билік өкілдері көпбалалы отбасылардың жағдайына аяқ астынан көңіл бөле қойды, ал бұған қаншалықты шындап кірісетіндігі және қанша уақытқа созылары басқа мәселе. «AЖ» тілшісі балалары көп атыраулық екі отбасына барып, олардың жағдайы қиын болса да үміттерін үзбегеніне көз жеткізіп қайтты. Сурет Бейнежазба 13 ақпан 2019, 14:48 6 602 рет қаралды
Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма? Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма?

Анам 5 баланы дүниеге әкелген, 30 жылдан астам уақыт мемлекеттік кәсіпорында кассир болып жұмыс істеді, қазір 52 мың теңге зейнетақы алады. Ол мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікті, бұл ақша – қазіргі үкіметтің мирас боп қалған берешектерін аз болса да тұрақты өтеп отырған ақшасы. Ал оның балаларының дәуірі нарықтық экономикаға тұспа-тұс келді. Біз өз зейнетақымызға өзіміз  қаражат тауып жатырмыз және зейнетақы жүйесін кезекті реформалау табалдырығында тұрмыз. Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: зейнетақы салығын төлеп отырған қазіргі ұрпақ қарттық кезеңі үшін сақтаған қаржысын ала алады ма? 11 ақпан 2019, 12:51 3 681 рет қаралды
Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған Оқиға

Зиратта табылған әйел мүрдесіне аңдар ауыз салған

26 қаңтарда күндіз Атырау қаласындағы Жұлдыз-2 ықшамауданындағы мұсылмандар зиратының аумағында зорлықпен өлтіру белгілері - көкірек қуысында түйрелген-кесілген жарақаттары бар жамылғыға оралған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұдан басқа, бейшара әйелдің бетінің жартысы ойық және оң аяғының табаны жоқ. Шамасы, өлгеннен кейін жабайы аңдар ауыз салғанға ұқсайды. Толықтырылды 28 қаңтар 2019, 10:01 8 543 рет қаралды
Астраханнан тамақ алып, Қарабайлыда туады Басқа жаңалықтар

Астраханнан тамақ алып, Қарабайлыда туады

«АЖ» редакциясына Құрманғазы ауданы орталығынан 300 шақырым шалғай орналасқан Азғыр өңірінің тұрғындары хабарласып, қыстың көзі қырауда ауылда азық-түлік, жем-шөп, медициналық қызмет көрсету мәселелері туындағанын жеткізді. Мәселенің мән-жайын білмек болып, сол елдің тумасы,  қазір аудандық мәслихаттың депутаты, зейнеткер жастағы Мансур ҚУАНЫШӘЛИЕВКЕ хабарластық. Бір жақсысы, ол кісі шындықты бүгіп қалмады. Сурет 22 қаңтар 2019, 11:31 5 052 рет қаралды
Аялдама мен моншадағы кісі өлімі Оқиға

Аялдама мен моншадағы кісі өлімі

14-21 қаңтар аралығында Атырау облысында 111 қылмыс жасалды, оның 95-і мұнайлы астанада болған. Ұрлық (66), алаяқтық (12) және тонау (7) қылмыстары көш бастап тұр. Құлсары қаласында жергілікті тұрғын АІІБ-не зорлау қылмысы жасалғанын мәлімдеген, қылмыстық іс қозғалды. 22 қаңтар 2019, 15:47 3 178 рет қаралды
«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті» Басқа жаңалықтар

«Қол-аяғымды скотчпен байлап, 23 миллионды алып кетті»

8 қаңтарда Атырауда Уәлиханов көшесінің бойындағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде жүкті әйелге өз пәтерінде шабуыл жасалып, қылмыскерлер, екі жігіт пен қыз, пәтерінен 23 миллион теңгені алып кеткен. Алайда қарақшылар алысқа кетпеді, полицейлер із суытпай ұстады. Бейнежазба 11 қаңтар 2019, 10:25 5 141 рет қаралды
«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес» Басқа жаңалықтар

«Сәбилер шетінеді, бірақ дәрігерлердің кінәсінен емес»

«Атырау облыстық перинаталдық орталығында соңғы 20 күнде дүниеге келген 20 шақты сәби шетінеді деген ақпарат шындыққа сай келмейді, сәби өлімі анағұрлым аз болды», - деп мәлімдеді Атырауда арнайы шақырылған брифингте орталық директоры Қуаныш НЫСАНБАЕВ. Бірақ ол деректердің он күн сайын жиналатындығына сілтеп, нақты санын атамады, статистика сәл кейінірек белгілі болады. Нысанбаевтың айтуынша, шетінеген нәрестелердің барлығы мерзімінен бұрын дүниеге келген және оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген. 9 қаңтар 2019, 16:50 3 597 рет қаралды
Ақша бұлттар арасындағы тіршілік Басқа жаңалықтар

Ақша бұлттар арасындағы тіршілік

...Аппақ қарға оранған дала төсінің ерекше келбеті өзіне ынтықтырып, қызықтырып  барады. Тылсым тыныштық. Ақша бұлттар ақ қармен тұтасып кеткен. Тек арасында сойдия көрінген жыңғыл бұталары көкте емес, қара жерде жүргенімізді еске түсіргендей.  Сурет Бейнежазба 29 желтоқсан 2018, 09:55 8 756 рет қаралды
Бизнес – класс! Басқа жаңалықтар

Бизнес – класс!

Жаңа жыл алдында дәстүрлі өтетін «Жыл кәсіпкері-2018» байқауында балық кәсіпшілігімен айналысып, елімізді және алыс-жақын шетелді балық өнімдерімен қамтамасыз етіп жүрген «Амангелді» өндірістік кооперативінің директоры Мұрат ӘМІРҒАЛИЕВ жеңіске жетті.  21 желтоқсан 2018, 10:35 2 305 рет қаралды
Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ" Басқа жаңалықтар

Мәншүк Аймұрзиева: "Сыбайлас жемқорлық туралы әңгіме көп, бірақ нақты факт жоқ"

Дәрігерлерге арналған баспана, жалған еңбекке жарамсыздық парақтары, балалар өлімі, мамандық беделі және тағы басқалар туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН жүргізілген «АЖ» сұхбатынан оқи аласыздар. 20 желтоқсан 2018, 00:00 3 665 рет қаралды
Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар Басқа жаңалықтар

Үміт оты немесе қайырым жасаушы балалар

Менің редакциялық поштама ауыр науқасқа шалдыққан балаларды емдеу үшін ақша жинап жүрген еріктілер туралы жарияланым шығару жөнінде өтініштер көп келеді. Соңғы кездері мұнайлы астанада көбейіп кеткен осындай балаларға қала тұрғындарының сауалдары бар екен. Тапсырманы орындау кезінде екіұдай жайтқа кезіктім, бәрін ретімен баяндайын. 20 желтоқсан 2018, 00:00 4 818 рет қаралды
Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын? Басқа жаңалықтар

Күрделі жөндеуден өткен жаңа аурухана неге салқын?

Мақат ауданы Доссор кентіндегі 20 кереуеттік аурухана 2006 жылы қолданысқа берілген. Бастапқыда құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуінен қыс мезгілінде ғимарат суық болады. Сондықтан  2015 жылы облыстық бюджеттен 55 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «КоСМо» ЖШС ғимараттың төбесіне жылу жабындылар төсеу, сыртқы қабырғаларын қаптау, жылу радиаторларын ауыстыру, терезелердің сынған бөлігін алмастыру жұмыстары атқарды. Алайда аурухана ғимараты әлі суық. Сурет 4 желтоқсан 2018, 15:42 4 272 рет қаралды
"Сырттай" тіркелген адамдар бар Басқа жаңалықтар

"Сырттай" тіркелген адамдар бар

Атырау облысында емханаларға тіркеу науқаны аяқталды. Бүгінгі таңда медициналық мекемелерді таңдау құқығын 6 592 адам пайдаланды. Бұл туралы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорының жергілікті филиалының директоры Байтолла ҒАЗИЗОВ брифингте мәлімдеді. 26 қараша 2018, 15:00 2 405 рет қаралды
“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы Қоғам

“Баспанасыз” мүсәпір және темір есіктің құпиясы

Редакцияға ұзақ уақыттан бері өз баспанасы болса да, көшеде түнеп жүрген көршісінің тағдырына алаңдаған Авангард 3-ші ықшамаудандағы №36 үйдің тұрғыны хабарласты. Бірақ оның пәтерінің темір есігі... электрмен дәнекерленген екен. «AЖ» тілшісі ер адамның өзі үйіне қалай кіре алмайтынын және оның қалай болғанын анықтап білді. Сурет 20 қараша 2018, 21:31 3 648 рет қаралды
Тосын сыйларға толы жол Басқа жаңалықтар

Тосын сыйларға толы жол

Жыл басынан бері Атырауда жаяу жүргінші өткелінен 25 адамды көлік қағып, оның 5-уі көз жұмған болатын. Осынау сұмдық статистикаға байланысты жол полициясының қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырды. Бұл рейдке “АЖ” тілшісі де қатысқан еді. Жол бөлігін бақылау нәтижеcі көңіл көншітпеді, бұл мәселенің осы цифрлармен шектелуі неғайбыл. Сурет Бейнежазба 3 қараша 2018, 14:17 3 428 рет қаралды
«Шайтан қақпа», терезеден кірген келін және басқа да ырымдар Басқа жаңалықтар

«Шайтан қақпа», терезеден кірген келін және басқа да ырымдар

Адамзат ғасырлар бойы дамып, өркениет тоқтаусыз өркендеп жатқанымен, әлі күнге дейін ырым-нанымдарға сенеді. Алайда біздің дәстүрлі дініміз мұны құптамайды. Бұл біреулерге күлкілі болса, базбіреулер үлкен мән береді. Біздің өңірімізде мынадай кейбір ырым-нанымдар бар.  Сурет 31 қазан 2018, 11:26 7 736 рет қаралды
Погонды акушерлер Басқа жаңалықтар

Погонды акушерлер

Атырау облыстық Полиция департаментінің 25 қызметкері (бұрынғы ІІД 16 қазаннан бері осылай аталады) облыстық перзентханада төтенше жағдайда әйелдерді босандырып алуды үйренді. Алдымен кәсіби акушерлер «Уәсила» мен «Фатима» деген манекендерге оны қалай жасауды үйретіп көрсетті, кейін полицейлер өздері байқап көрді. Дәрігерлердің айтуынша, олар әжептәуір орындап шыққан. Сурет 23 қазан 2018, 15:16 3 548 рет қаралды
Қиын да қауіпті қызмет Қоғам

Қиын да қауіпті қызмет

Олардың бәрі бұлшықеттері тартылған, алғыр, жанып тұрған көздерінде батылдық пен ақыл тұнып тұр. Байкал, Аякс, Әскер, Нөкер, Блэк, Даяна, Муна... Аттарының өзі неге тұрады. Төбеттер бізге басымыздан аяғымызға дейін шабалана үре бастады. Бірақ кинологтардың оларға шлейка кигізгендері сол еді, абалаған төбеттен салмақты, өз жұмысына зейін қойған полицей иттерге айналды. Сурет 18 қазан 2018, 00:00 4 789 рет қаралды
Біліксіздік пе, әлде...? Басқа жаңалықтар

Біліксіздік пе, әлде...?

Облыстық прокуратура аудан әкімдерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады. «Өкілетті органдардың қызметінде жеке тұрғын үй құрылысына және коммерциялық мақсаттар үшін жер телімдерін ұсыну кезінде заңсыз сегменттеу және жер телімдерінің мақсатты пайдалануын өзгерту бойынша ережелер жүйелі түрде еленбей келген», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 16 қазан 2018, 11:36 2 496 рет қаралды
Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты Басқа жаңалықтар

Атырауға келген денсаулық сақтау министрі жүйені ауыстыру керектігін айтты

Атырауда ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВТЫҢ және батыстағы төрт облыстың медицина қызметкерлері мен шенеуніктерінің  қатысуымен «Медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігін арттыру» атты екікүндік аймақаралық конференция өтті. Министрдің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі дамып жатыр, алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың бастысы – біліктіліктің төмендігі және дәрігерлердің тапшылығы (дегенмен, ол кадрлар тапшылығын жасанды деп есептейді). Пациенттерге дөрекі қарым-қатынас жасауға байланысты көп шағымдар бар. «Біз мұның бәрін талдап, жүйелік шаралар алуға тиіспіз», - деп мәлімдеді Біртанов. 8 қазан 2018, 12:11 3 314 рет қаралды
Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды Басқа жаңалықтар

Екі тазалаушы бір ауылға сыймайды

Аудан орталығы Индербор кентінде тазалықпен екі бірдей мекеме айналысса да, уақытында алынбаған қоқыстардан көшелер шашылып жатыр. Жергілікті биліктегілер кезінде мәселені шешеміз деп уәде бергенімен, өзгерген ештеңе жоқ: ауыл орталығында үйілген қоқыстар мен оны жеген сиырлар. Жақында бір зеңгі баба тұқымы осы «тәттіден» жеп, өліп қалыпты.   Сурет Бейнежазба 2 қазан 2018, 13:57 2 954 рет қаралды