Атырау, 23 қараша 14:19
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аялдама мен моншадағы кісі өлімі

3 054 просмотра


14-21 қаңтар аралығында Атырау облысында 111 қылмыс жасалды, оның 95-і мұнайлы астанада болған. Ұрлық (66), алаяқтық (12) және тонау (7) қылмыстары көш бастап тұр. Құлсары қаласында жергілікті тұрғын АІІБ-не зорлау қылмысы жасалғанын мәлімдеген, қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК-нің 297-ші «есірткі» бабы төрт іс, 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша үш іс қозғалды.

Апта ішінде Атырауда кісі өлімімен аяқталған екі оқиға болды. 14 қаңтарда «Юность» автобус аялдамасының қасында ер адамның жүрегі тоқтап, сол жерге жеткен медиктер оның қайтыс болғанын тіркеді. 20 қаңтарда моншадағы өрт кезінде 51 жастағы әйел адам көз жұмды.

Фархат ӘБІЛОВ

22 қаңтар 2019, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.