Атырау, 25 қараша 04:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Экспат әйелдерге Қазақстан ұнап тұр

2 450 просмотра


www.internations.org сайты 2018 жылғы экспаттарға арналған үздік және нашар елдердің дәстүрлі рейтингін жариялады. Қазақстан 68 елдің арасында 49-орын алған. Ал бір жыл бұрын 35-орында болатын. Бірақ жеке «әйелдер» рейтингінде біздің еліміз жоғары 6-орында тұр.

Екінші жыл қатарынан Expat Insider рейтингінде көрсеткіштер жиынтығы бойынша Бахрейн көш бастап тұр. Респонденттердің басым бөлігі өз жұмыс уақытын (44%), жұмыспен қамтылуын (33%) немесе жалпы жұмысына риза болуы жағынан (39%) оң бағалап, осы Парсы шығанағындағы елді шетелдегі жұмыс индексінің жоғарғы шегіне орналастырған. 
Бахрейнде бала тәрбиелеп отырған шетелдіктер әсіресе білім беру сапасына (3-орын), сондай-ақ, балаларға күтім жасау мен білім беруге қолжетімділік (9-орын) үшін өте риза.


2. Тайвань 

Ол өмір сүру сапасының көрсеткіші бойынша бірінші орында тұр: респонденттердің 96%-ы денсаулық сақтаудың қолжетімділігін жоғары бағалайды, 97%-ы көлік инфрақұрылымына риза. Жалпы алғанда жұмысқа қанағаттану деңгейі (76%), әсіресе жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдік (73%) жоғары. Мұнда тұрақты негізде жұмыс істейтін экспаттар бүкіл әлемдегі әріптестеріне қарағанда жұмысқа әлдеқайда аз уақыт жұмсайды (аптасына 44 сағаттық орташа әлемдік көрсеткішке қарсы 39,9 сағат).


3. Эквадор

2017 жылы 25-ші орынға ие болған Эквадор «жүлдегер үштікке» көтерілді. Мұнда жұмыс істейтін экспаттардың 83%-ы өздерінің қаржылық жағдайын оң бағалайды, респонденттердің 79%-ында жұмысы мен жеке өмірі арасындағы тепе-теңдік көңілдерінен шығады. Респонденттер қарым-қатынас жасау мен бос уақыт үшін үлкен мүмкіндіктерді (5-орын) және қол жетімді медициналық қызметті (6-орын) жоғары бағалайды.

«ЖЕРТӨЛЕ»

Кестенің ең төменгі жағында осы елде өмір сүріп жатқан экспаттардың өмір сүру сапасы мен жалпы қанағаттану дәрежесі бойынша соңғы орында Кувейт орналасқан.
 
ӘЙЕЛДЕР РЕЙТИНГІ

Ал әйелдердің мансаптық өсуі үшін ең үздік 10 елдің қатарында Қазақстан жоғарғы 6-орында тұр. Мұнда Expat Insider 68 елде тұратын 7000 әйел туралы ақпаратқа негізделген.

Қазір Қазақстанда өмір сүріп жатқан әйел экспаттардың жартысынан көбі (53%) жұмысқа байланысты себептер бойынша осында көшіп келген: олар жұмысты өздері тапқан (26%), жұмыс беруші жіберген (15%) немесе жергілікті компания шақырған (12%). Бізде шетелдік әйелдер өз отандарында табатын табыстан көп табады (62%), олардың 67% -ы мансаптық перспективаларына қанағаттанады.

Бір қызығы, әйелдер рейтингінде Ұлыбритания мен АҚШ 7 және 8-орында тұр.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

11 наурыз 2019, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.