«АЖ» сайтындағы сауалнамаға жауап бергендердің төрттен үш бөлігі былтыр желтоқсанда Жайықтағы қара балық пен бекіре тұқымдастардың жаппай қырылуынан кейін балық сатып алуды тоқтатқандарын мәлімдеді. Біздің тілшіміздің қалалық ветеринария бөлімімен бірге «Дина» және «Мұрагер» базарларында жүргізген рейді бүгінде осы сауда бөлімінің едәуір дағдарысқа ұшырағанын көрсетті.
«Дина» базарындағы «Жаңа ауланған балық» павильонында әдеттегі 9 кәсіпкерден 2-уі ғана жұмыс істеп тұр.
- Бұл сатуға әкелетін балықтың жоқтығына байланысты, - дейді өзін таныстырудан бас тартқан саудагер әйел.
Ветеринария бөлімінің бас маманы Ардақ ӘМІРОВА түсіндірді:
- Мұнда «Амангелді», «Тілекші», «Қызылбалық» балық аулау кооперативтері тоңазытылған балық әкеледі. Әрбір партияның қауіпсіздігі тексеріледі, ал желтоқсан айындағы экологиялық апаттан кейін – аммиактың бар-жоғы да тексерілетін болды. Зертханадан сертификат алған сатушылар партияны өзара бөлісіп, сатуға кіріседі.
«Динада» әдетте негізінен сазан, көбінесе тартылған және кесілген балық еттері сатылады. Сауда көлемі бұрын айтарлықтай көп болатын. Әйелдердің айтуынша, олар браконьерлерден балық алмайды, тек қайдан шыққаны белгілі сертификатталған өнімдерді ғана сатады екен. Дегенмен, полицияның қылмыстар ақпарында балық павильонының алдында ілеспе құжаттары жоқ балық тиеген көліктің ұсталғаны туралы ақпарат жиі кездеседі.
Сатылмаған балықтың қайда сақталатындығы туралы сұраққа саудагерлер жандарында тұрған мұздатқыштарды көрсетті. Павильонда олардың да екеуі қалыпты.
Ал сазанның бағасы қаңтардағы деңгейде (келісі 700 теңге) сақталған.
Павильонның қарсысында «Амангелді» балық аулау кооперативінің фирмалық дүңгіршегі орнатылған. Құжаттарының бәрі дұрыс екен.
«Мұрагер» базарында да балық өнімінің қауіпсіздігі осындай тәсілмен бақыланады. Бұл жер Атырау тұрғындарына балық базары ретінде танымал. Бірақ бұл жерден де екі сатушыны көрдім. Ал бұрын 10 шақтысы болатын.
- Сұраныс күрт төмендегендіктен осылай болып отыр, - дейді базар ветеринары Қапес ӨКСІКБАЕВ.
Бұл жерде балық өнімдерінің түрі бар: мөңке балығының келісі 150 теңге, кефаль - 800, дөңмаңдай - 800, сазан – 600 теңге.
«Мұрагерден» кейін «Насиха» базарына, дәлірек айтқанда, әдетте жерге жайып, арзандау балық сататын автобус аялдамасының жанындағы жаяужолға бардық. Бұл жолы ол жерде ешкім болмады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суреттерді түсірген автор