Атырау, 25 қараша 16:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Біліксіздік пе, әлде...?

2 184 просмотра


Облыстық прокуратура аудан әкімдерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында жер заңнамасының өрескел бұзылғанын анықтады. «Өкілетті органдардың қызметінде жеке тұрғын үй құрылысына және коммерциялық мақсаттар үшін жер телімдерін ұсыну кезінде, заңсыз сегменттеу және жер телімдерінің мақсатты пайдалануын өзгерту бойынша ережелер жүйелі түрде еленбей келген», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокурорлардың актілері бойынша меншікке жер сатудан бюджетке 70 млн теңге түскен, жалпы кадастрлық құны 31,2 млн теңге болатын жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Мәселен, прокурордың талап арызы бойынша, сот шешімімен Махамбет ауданының әкімдігі 2016 жылғы мамырдан 2021 жылғы желтоқсанға дейін ауылшаруашылық жерлерін жеке меншікке пайдалану туралы қолданыстағы мараторийді бұзып, жеке меншікке заңсыз берген жалпы алаңы 800 га ауылшаруашылық мақсаттағы 2 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Тексеру нәтижелері бойынша барлығы 126 заң бұзушылық анықталды, 26 ұйғарым енгізілді, лауазымды 40 тұлға тәртіптік  жауапкершілікке тартылды, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың 9 басшысы қызметке толық емес сәйкестігі туралы ескерту алды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 қазан 2018, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.