Атырау, 23 қараша 01:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пациент тигізілген зиянды өндіріп алды

3 177 просмотра


Атырау облысындағы Құлсары қаласының тұрғыны денсаулығына қауіп төндіріп, тісін сапасыз протездегені үшін стоматологтан жарты миллион теңге өндіріп алды.

2017 жылы маусымда әйел адам жергілікті стоматологтардың біріне алдыңғы 4 тісіне металл керамикалық коронка салдыртуға жүгінеді. Процедураға 52 мың теңгесі жұмсалады. Бірнеше күннен кейін тісі қатты ауырған соң басқа стоматологқа барады. Ол пациенттің қызыл иегінен бұрынғы стоматолог «ұмыт» қалдырған протездеуге қолданылатын арнайы инені тауып алады.

Экс пациенті стоматологтан 541 мың теңге көлемінде материалдық залалды және 100 мың теңге көлемінде моралдық зиянды өндіріп алу туралы сотқа талап арыз береді.

- Істі қарау кезінде «Соттағы ымыраласу процедуралары» пилотты жобасының аясында судья-медиатордың көмегімен тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы өзара келісімге келді, - деп хабарлайды Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Келісім шарттары бойынша стоматолог талап арыз берушіге жалпы 500 мың теңге көлемінде материалдық және моралдық зиянды өтеуге міндеттелді, ал талап арыз беруші арызынан бас тартты.

Фархат ӘБІЛОВ

7 қаңтар 2019, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.