№2 Атырау қалалық соты Жайықта екі байда соғысып, адам қаза болған оқиғаға кінәлі 33 жастағы жергілікті тұрғынға үкім шығарды. Сот отырысында анықталғандай, сотталушы Ш. Р. өткен жылдың қазанында сағат 21:30-да моторлы қайықпен Еркінқала жаққа шығып, басқа қайықпен бетпе-бет соқтығысып қалады. Нәтижесінде екінші қайықтағы 19 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.
- Тергеу барысында Ш. Р. іс бойынша дәлелдерге қарсы болмай, өз кінәсін толық мойындап, кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасауды өтінді. Марқұмның әйелі сотталушының тигізілген моралдық және материалдық зияндарды өтегенін мәлімдеп, оны қылмыстық жазадан босатуды сұрады, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Ш. Р. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-тармағы ("Абайсызда қазаға ұшырату") бойынша кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Фархат ӘБІЛОВ