Атырау, 25 қараша 17:28
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Погонды акушерлер

Сурет
3 451 просмотра


Атырау облыстық Полиция департаментінің 25 қызметкері (бұрынғы ІІД 16 қазаннан бері осылай аталады) облыстық перзентханада төтенше жағдайда әйелдерді босандырып алуды үйренді. Алдымен кәсіби акушерлер «Уәсила» мен «Фатима» деген манекендерге оны қалай жасауды үйретіп көрсетті, кейін полицейлер өздері байқап көрді. Дәрігерлердің айтуынша, олар әжептәуір орындап шыққан.

– Қызмет бабында түрлі жағдайлар кездеседі, ересектерге де, балаларға да қол ұшын береміз. Рас, әлі әйелдерді босандырып көргенім жоқ, бірақ сондай жағдай тап болса, енді қолымнан келеді, - деп жымияды тренингке қатысушы, полиция лейтенанты Дәурен ЖАНСЕЙІТОВ

Ал Атырау ІІБ жол полициясының аға лейтенанты Ораз ТӘЖІКЕНОВ осы тақырыпқа сай оқиғаны есіне түсірді. Ол кезде полицейдің өзі босандырып алмаса да, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектескен:

- Қараңғы түсіп кеткен еді, қалаға кіре берісте жол бойында тұрған машинада әбігерге түскен ер адамды көрдік. Сөйтсек, күйеуі жүкті әйелімен Құлсарыдан Атырауға шаруасымен келе жатқан бойы екен, ал әйелінің сол кезде толғағы қысқан. Біз оларды өз көлігімізге отырғызып алып, облыстық перзентханаға қарай «ұштық». Үлгердік-ау. Ол әйелдің Құлсары тұрғыны Жұлдыз ОТАРБАЕВА екенін білдік, тұңғышы аман-есен дүниеге келді. Кейін әйел бізге алғысын білдірді.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, соңғы 4 жыл ішінде атыраулық полицейлер 24 адамды құтқарған, 4 қызметкер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Фархат ӘБІЛОВ

23 қазан 2018, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.