Атырау, 22 желтоқсан 14:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда

Тегін массаж және миллион теңгелік несие – 2 Атырауда

Тегін массаж және миллион теңгелік несие – 2

Батыс Қазақстан облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басқа жақтан келген гастролерлердің – медициналық құрал-жабдықтарды сатушылардың аңқау сатып алушылардан алған ақшаларын қайтарып берді. 7 шілде 2022, 14:04 1 553 рет қаралды
«Арқан керген» шекара бекетінде қаза тапқан атыраулықтардың туыстары: «Қайғымыз азаймады, ақиқатын да білмейміз» Атырауда

«Арқан керген» шекара бекетінде қаза тапқан атыраулықтардың туыстары: «Қайғымыз азаймады, ақиқатын да білмейміз»

Жақында Қытаймен шекарадағы «Арқан керген» шекара бекетінде болған қайғылы оқиғаға 10 жыл толды. Қаза болған 14 әскеридің арасында Атырау облысынан шақырылған 4 сарбаз бар. «АЖ» қанша жыл өтсе де қайғысы азаймаған олардың туыстарымен тілдесті. Сурет 24 маусым 2022, 16:29 2 452 рет қаралды
Түнде баланы дүкенге жіберу дұрыс емес Атырауда

Түнде баланы дүкенге жіберу дұрыс емес

Атыраудың ауылдық округтерінде полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің кәмелетке толмағандардың сағат 23.00-ден кейін ересектердің бірге жүруінсіз үйден тыс жерде болуына тыйым салу талаптарының сақталуын тексеру мақсатында «Қауіпсіз қала» рейдін жүргізді. Тәртіп сақшыларымен «АЖ» тілшісі де болды. Сурет Бейнежазба 23 маусым 2022, 22:09 1 883 рет қаралды
Мақаттағы ҰҚТ: дизель отынын ұрлап, өз адамдары мен бөгделерді жазалаған Атырауда

Мақаттағы ҰҚТ: дизель отынын ұрлап, өз адамдары мен бөгделерді жазалаған

«АЖ» Атырау қалалық №2 сотының Amanat партиясынан сайланған облыстық мәслихаттың бұрынғы депутаты Абзал-Сенбі Самаликовқа және тағы 18 тұлғаға қатысты шығарған үкімі туралы хабарлаған еді. Сотталушылардың барлығы дерлік Мақат локомотив депосында жұмыс істеген. Үкімге сәйкес, олар тепловоздардан дизель отынын ұрлаған. Бұл істің егжей-тегжейі – «АЖ» материалында. 21 маусым 2022, 00:15 1 492 рет қаралды
Сәлемдемеден наша табылды Атырауда

Сәлемдемеден наша табылды

Тергеу изоляторында сәлемдеме беріп жіберу қалыпты жағдай, әсіресе, онда отырғандардың кінәсін (немесе кінәлі еместігін) тек сот шеше алады. Бірақ көбінесе «мейірімді жандар» онда отырғандарға тыйым салынған заттарды (әдетте, бұл есірткі) жіберудің түрлі тәсілдерін қолдануға тырысады. 20 маусым 2022, 11:29 1 143 рет қаралды
Жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұлмен жазаланды Атырауда

Жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұлмен жазаланды

Бүгін, 20 маусымда Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша 28 тұлғаға қатысты істер қаралды. Еске салсақ, кеше «Атырау» - «Ақтөбе» футбол матчы басталар алдында «Мұнайшы» стадионы маңында қос команда жанкүйерлері арасында қақтығыс болған еді. 20 маусым 2022, 23:23 1 546 рет қаралды
Тепловоздардан жанармай ұрлағандардың ішінде Nur Otan депутаты да болған Атырауда

Тепловоздардан жанармай ұрлағандардың ішінде Nur Otan депутаты да болған

Атырау қаласының №2 сотында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен олардың сыбайластарына - 19 адамға қатысты үкім шықты. Олардың қатарында сыбайластардың бірі ретінде осы істен өткен Nur Otan партиясынан облыстық мәслихаттың экс-депутаты Абзал-Сенбі САМАЛИКОВ та бар. 19 маусым 2022, 21:58 1 281 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

10 мамырда сағат 04:10 шамасында Атырау қаласы полиция басқармасының 102 арнасына белгісіз адам Бейбарыс даңғылында жасөспірім балалардың  төбелесіп жатқандығы жөнінде хабарлама қалдырған. Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері хабарламаның жалған екендігін анықтады.  17 маусым 2022, 16:48 1 956 рет қаралды
Атыраулық кәсіпкер: «Дәлелдеу үшін өзімді өртеп жіберуім керек пе?» Атырауда

Атыраулық кәсіпкер: «Дәлелдеу үшін өзімді өртеп жіберуім керек пе?»

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Атырау облысының прокуроры Халидолла ДӘУЕШОВ бизнес өкілдеріне жеке қабылдау өткізді. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) көп шағым түсті. Сурет 17 маусым 2022, 20:43 1 968 рет қаралды
​Атырау облысында сот екі дәрігерді бас бостандығынан айырды, бірақ олар түрмеде отырмайды Атырауда

​Атырау облысында сот екі дәрігерді бас бостандығынан айырды, бірақ олар түрмеде отырмайды

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 317-баптың 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан медицина қызметкерінің кәсіптік міндетін тиісінше орындамуы») бойынша айыпталған орталық аудандық аурухананың хирургы және реаниматологына қатысты үкім шықты. 16 маусым 2022, 11:39 1 550 рет қаралды
Атырауда салынып жатқан кейбір тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін Атырауда

Атырауда салынып жатқан кейбір тұрғын үй кешені сүрілуі мүмкін

Атырауда азаматтардың салымдарын тарту арқылы коммерциялық тұрғын үйлерді салу кезінде өрескел заң бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты кейбір үйлер сүрілуі мүмкін. 3 маусым 2022, 16:27 2 289 рет қаралды
«Ақ ұнтақ» сақтаған тағы бір тұрғын ұсталды Атырауда

«Ақ ұнтақ» сақтаған тағы бір тұрғын ұсталды

Атыраулық полицейлер синтетикалық есірткі затын сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады. Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 27 жастағы қала тұрғынын тоқтатып, тексеру кезінде 60 орам есірткі заттар табылып, тәркіленді. 23 мамыр 2022, 19:48 2 050 рет қаралды
«Бергей мұрасы»  және басқа да «сақалды» құрылыстар Атырауда

«Бергей мұрасы» және басқа да «сақалды» құрылыстар

Көп жылдан бері қозғалмай тұрған нысандардың тағдыры биыл шешілетін сияқты. Әңгіме «Бергей мұрасы» – құрылысы бітпеген киноконцерт залы мен монша-сауықтыру кешені туралы болып отыр. Осы және өзге де құрылыстар туралы брифингте облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ айтты. 21 мамыр 2022, 23:19 1 874 рет қаралды
Атырауда төрт полицей ауыр қылмысқа әкеп соқтырған әрекетсіздігі үшін сотталды «АЖ» не туралы жазды

Атырауда төрт полицей ауыр қылмысқа әкеп соқтырған әрекетсіздігі үшін сотталды

Бүгін, 19 мамырда №2 қалалық сот Атырау қалалық полиция басқармасының төрт қызметкеріне қатысты үкім шығарды. Учаскелік инспекторлар К. және А. ҚР ҚК-нің 370-бабының 4-бөлігі бойынша («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік») 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал жедел уәкіл Т. мен тергеуші Л. ҚР ҚК-нің 433-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ауыр қылмысты жасыру») бойынша, тиісінше 4 және 3 жыл жаза алды. Сот үкімі ҚПБ ұжымының қатысуымен онлайн-трансляция арқылы жарияланды. 19 мамыр 2022, 21:53 3 036 рет қаралды
Облыс әкімінің Аққыстаудағы тұрғын үй құрылысына көңілі толмады Атырауда

Облыс әкімінің Аққыстаудағы тұрғын үй құрылысына көңілі толмады

Облыс әкімі Серік ШӘПКЕНОВ Исатай ауданы Аққыстау ауылына барды. Ол «ДанСтройБаза ЛТД» ЖШС салып жатқан 60 пәтерлік үш тұрғын үйдің құрылыс жұмысына риза болмай, «егер мердігер өз ісін дұрыс атқара алмаса заң жүзінде жауапқа тартылады» деп мәлімдеді. 17 мамыр 2022, 14:56 1 799 рет қаралды
Хиуаз Доспанованың әкесі қайсар қызды тәрбиелеп шығарды Атырауда

Хиуаз Доспанованың әкесі қайсар қызды тәрбиелеп шығарды

15 мамырда Ұлы Отан соғысының ұшқышы, жерлесіміз Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ туғанына 100 жыл толады. Бұл ержүрек қыздың сол соғыстың қаһарманына, фашистік басқыншылар үшін «түнгі мыстанға» айналғаны біз үшін үлкен мәртебе. Ал осындай қызды өсірген кім? Бұл сұраққа ҚР Президенті Архивінің қызметкері Дайана ТОҚБЕРГЕНОВА жауап береді. Сурет 16 мамыр 2022, 11:26 3 311 рет қаралды
Атыраулық сарбаздың анасы: «Олар нағыз кінәліні ұстамады» Атырауда

Атыраулық сарбаздың анасы: «Олар нағыз кінәліні ұстамады»

22 сәуірде Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы әскери бөлімде жұмбақ жағдайда қаза тапқан 18 жастағы сарбаз Әлібек ҚАЛБАЙДЫҢ өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға назар аударғаннан кейін күдікті – Атыраудан шақырылған Айболат АМАНЖОЛОВ ұсталды. Сурет 11 мамыр 2022, 15:22 2 510 рет қаралды
Қала Сасықсайдағы жұмыс салдарынан тұншықты ма? Экология

Қала Сасықсайдағы жұмыс салдарынан тұншықты ма?

25-27 сәуірде Атырауды жайлаған сасық иістің қайдан шыққаны анықталмады. «АМӨЗ» ЖШС-нің алаңдары тексерілуде, «Атырау облысы Су арнасының» көптеген кәріздік-сорғы станцияларының жұмысына да зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Атырауда өткен брифингте айтылды. 30 сәуір 2022, 12:33 2 316 рет қаралды
«Безымянныйда» қырылған балық туралы Атырауда

«Безымянныйда» қырылған балық туралы

Әлеуметтік желіде балықтың қырылып жатқаны түсірілген бейнежазба пайда болды. Осыған қатысты Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ былай деп түсінік берді: Толықтырылды Бейнежазба 26 сәуір 2022, 21:24 2 358 рет қаралды
Министр атыраулық үлескерлермен және көп балалы аналармен кездесті Атырауда

Министр атыраулық үлескерлермен және көп балалы аналармен кездесті

21 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ Атырауға жұмыс сапарымен келді. Түске дейін ол мұнайлы астана тұрғындарын жеке қабылдады. 22 сәуір 2022, 09:05 1 451 рет қаралды
Жарық өшсе, су да болмайды Атырауда

Жарық өшсе, су да болмайды

Нұрсая ықшамауданында «Жас Отау» бағдарламасымен берілген Таумұш Жұмағалиев көшесіндегі №21 үйінің тұрғындары бірнеше жылдан бері электр энергиясынан қиындық көріп келеді. Жарық өшсе, жоғары қабатқа су көтерілмейді. Ал жарықтың сөнуі соңғы айларда жиілеп кеткен.   Сурет Бейнежазба 21 сәуір 2022, 10:39 1 746 рет қаралды
Таубаев пен Басаровтың соты: үкім алдындағы соңғы сөздер Таубаевтың ісі

Таубаев пен Басаровтың соты: үкім алдындағы соңғы сөздер

19 сәуірде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВ соңғы сөзін айтты. Екеуі өте эмоцияға беріліп сөйледі. 21 сәуір 2022, 12:33 3 275 рет қаралды
Алғабас-1 тұрғындары: «Бізді еститін әкім керек» Атырауда

Алғабас-1 тұрғындары: «Бізді еститін әкім керек»

17 сәуірде Тасқала (Алғабас) ауылының 50-ден астам тұрғыны ауыл әкімі Ернар ӨТЕШҚАЛИЕВТЫ қызметінен босатуды талап етіп, наразылық жиынын өткізді. Олар алдағы Кеңөзек ауылдық округі әкімін сайлауға оның қатысуына түбегейлі қарсы. Себебі 4 жыл бұрын ауыл әкімі болып сайланғалы оның елді көркейткені шамалы деп санайды. Сурет Бейнежазба 20 сәуір 2022, 11:43 2 149 рет қаралды
Пара алғандардың арасында жол инспекторы, еңбек инспекторы, ауыл әкімі және т.б. бар Атырауда

Пара алғандардың арасында жол инспекторы, еңбек инспекторы, ауыл әкімі және т.б. бар

Қазіргі уақытта жүк тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан бірнеше рет жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңге пара алу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз өту, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлық жасағаны үшін пара алды деп күдіктелуде. 20 сәуір 2022, 15:03 2 079 рет қаралды
Тұрғын үй кешені салынды, бірақ проблема енді басталып жатыр Атырауда

Тұрғын үй кешені салынды, бірақ проблема енді басталып жатыр

Атырауда құрылыс салушылар қалалық құрылыс бөлімі, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және Ұлттық сараптама орталығы қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағымдануда. Олар солардың кесірінен шығынға батып отыр. 18 сәуір 2022, 11:55 1 471 рет қаралды
Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңгені жымқыруға қатысты тергеу жүріп жатыр Мұнай және газ

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңгені жымқыруға қатысты тергеу жүріп жатыр

Президентке мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға бөлінген 20,5 миллиард теңге қаржыны жымқыру фактілеріне қатысты қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді. 18 сәуір 2022, 14:45 1 970 рет қаралды
«Ковидтік» үстемеақы: кейбір аурухана аудит қорытындысымен келіспейді Денсаулық

«Ковидтік» үстемеақы: кейбір аурухана аудит қорытындысымен келіспейді

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы  республикалық бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жауап берді. 14 сәуір 2022, 16:08 2 434 рет қаралды
Киікке тиіспе! Экология

Киікке тиіспе!

2021 жылғы санақ бойынша БҚО өңірінде 545 мың, Бетпақдалада 285 мың, ал Үстіртте – 12 мың киік мекендейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Киік-2022» табиғатты қорғау акциясына орай өткізілген брифингте айтылды. 13 сәуір 2022, 16:35 1 919 рет қаралды