Атырау, 5 мамыр 08:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жарық өшсе, су да болмайды

Сурет Бейнежазба
1 572 просмотра

Нұрсая ықшамауданында «Жас Отау» бағдарламасымен берілген Таумұш Жұмағалиев көшесіндегі №21 үйінің тұрғындары бірнеше жылдан бері электр энергиясынан қиындық көріп келеді. Жарық өшсе, жоғары қабатқа су көтерілмейді. Ал жарықтың сөнуі соңғы айларда жиілеп кеткен.  

- Жарық өшсе, су да болмайды, шынын айтқанда, дәретханаға бара алмай қаламыз, - дейді №21 үйдің тұрғыны Анатолий БРОВАРНИК.

2015 жылы пайдалануға берілген бұл үйде 90 отбасы тұрады. Жарық өшу мәселесі тұрғындар қоныстанғанған соң 2 жылдан кейін пайда болған. «Атырау-Жарық» қызметкерлері үнемі апатты жоюмен айналысып келеді.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Жұмабек ҚАРАЖАНОВ:

- Бригадамен бірге апаттық жағдай орын алған жерге барып, себебін анықтадым. 2015 жылы пайдалануға берілген бұл үйге кезінде ток жүргізген мекеме электр көзін осы үйге салынған арнайы трансформаторға қоспай, көрші үйлердің трансформаторына уақытша жалғап кеткен. Ешқандай баланста болмай, электр желісіне техникалық қызмет көрсетілмегендіктен, жер асты кабельдері үзіліп жатыр.

Ж.Қаражановтың айтуынша, «Жас Отауға» салынған қос трансформатордың біреуі қараусыз қалып, ұрланған. Қазір қала әкімдігі жосықсыз мердігерді сотқа беру арқылы трансформаторды әкімдіктің балансына алу туралы жұмысты бастады.

- Трансформатордың екіншісін тексеруден өткізіп, 21-үйдің жарығын осы трансформаторға қосу жөнінде тапсырма бердім, - деді Ж.Қаражанов.

Мұнайлы астанада жарықтың жиі сөну мәселесі тек Нұрсаяда емес. Соңғы кезде Атырау ықшамауданы, Алмалы, Геолог, Талғайраң, Еркінқала ауылының тұрғындары жарықтың мезгілсіз сөнуі бойынша жиі шағымданады.    

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

21 сәуір 2022, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.