Атырау, 26 сәуір 12:27
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

ТШО жаңадан мамандық алуға және жұмыс табуға қалай көмектеседі – 2

1 702 просмотра

Жарқын, Бекзат және Әділбек Маңғыстаудағы Доңғамұнай кен орнында табысты еңбек етуде. Кеніш Ақтау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырымдайжерде орналасқан. Үшеуі де Атыраудан,«КазТурбоРемонт» кәсіпорнында дәнекерлеуші-аргоншы болып еңбек етудеОсынау күрделі мамандықты олар ТШО-ның Ақтаудағы оқыту орталығының Атырау филиалында игерді. Төрт ай тегін оқып, кейін бір уақытта жаңа жұмысқа қол жеткізді.

 Аталған бағдарламаны «Теңізшевройл» кәсіпорны 2019 жылы Атырау облысы әкімдігімен бірлесе отырып, Теңіздегі ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасы аяқталғаннан кейін босатылған адамдардыжұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында қолға алды. Содан бері екі оқу орталығында – Ақтау оқу орталығы мен «APEC PetroTechnic» колледжде оқыған 1200 адам жаңа мамандықты игеріп, соның жартысынан көбі жұмысқа орналасты. 

24 жасар Жарқын ТӨРЕҒАЛИЕВ - Махамбет ауданы Бейбарыс ауылының тұрғыны. Кезінде Атырау энергетика және құрылыс колледжін «дәнекерлеуші» мамандығы бойынша бітіріп, бес жыл жұмыс істегеннен кейін қазіргі таңда сұранысқа ие аргонды дәнекерлеуді игеруге бел буды. Жарқын-істің адамы: интернеттен құбыр дәнекерлеушісін оқыту бойынша тегін курстарға қабылдау туралы хабарландыруды көріп, бірден оқуорталығына барды. Қабылдау сынағынан сәтті өтіп, бұрынғы жұмысынан бірден кетеді.Өйткені  тегін оқудың жоғары деңгейде өткендігі соншалықты, оның толық қайтарымы болатыны сезіліп тұрды.

Төрт айлық оқу бір сәтте өте шықты. Ол және оның әріптестері-атыраулық 24 жастағы Бекзат МАҚСОТҰЛЫмен құрманғазылық 27 жасар Әділбек ӘДИЕТОВ, басқа да«курсанттар» оқу орталығы аумағындағы жатақханада жатты.Олар баспанамен ғана емес, тегін тамақпен де қамтамасыз етілді, оқу барысында барлық қажетті құралдар мен жеке қорғаныс құралдарын еркін пайдаланды. 

Үш апта теориялық білімге, ал үш ай практикалық сабақтарға арналды. 

 - Оқу кезінде шығын материалдарын пайдалануда шектеу болмады, менің ойымша, бұның теорияны сіңірудегі маңызызор. Біздің қателесуге құқығымыз болды, нәтижесінде қате арқылы үйренуге мүмкіндік алдық, дағдыларымызды жетілдірдік. Ай сайын келесі білім деңгейіне көтерілу үшін үшін сынақтан өтіп отырдық.   Оған қоса, ТШО-дан арнайы тексерушілер келіп тұрды, олар бізді емес, жаттықтырушыларымызды тексеруден өткізді. Кейін оқытушыларды іріктеудің өзі мұқият жүргізілгенін білдік. Оқыту шеберлері Атырау, Орал және Ақтаудан келген өз ісінің нағыз шеберлері болатын. ТШО өкілдері әр келген сапарында оқыту процесі ыңғайлы ма, материалдар жеткілікті ме, тақырыпты нақты түсіндіріле ме, жоқ па, біліп отырдыБізден де сұраныс қатал болды. Сабақты себепсіз өткізіп жіберуге болмайды, әйтпесе оқудан шығарылады, - дейді Жарқын.

 Жарқын аргонды дәнекерлеуші мамандығын зерттей келе, дамуға даңғыл жол ашады , бұл ол үшін ең маңыздысы. Оның пікірінше, оңай жұмыс жоқ, кез-келген мамандық толық қайтарымды талап етеді.

БЕТОН ҚҰЮШЫ  ЕДІМ, –  ЕНДІ КӘСІБИСЫРЛАУШЫМЫН

 Алмас БОЖАНОВ та осы   пікірде. Ол Оралдағы колледжді «мұнай-газ саласының операторы» мамандығы бойынша тәмәмдайды. Өкінішке орай, алған мамандығына сай жұмыстаба   алмайды. Десек те,   Алмас үйде жатып алмады,    тыпырлап жұмыс іздеумен болды. Тіпті, бетоншы, ағаш ұстасы, арматуршы сияқты мамандықтарды өздігінен игеріп алды. Қазір ол ата-анасының ғана үміті мен тірегі емес,бір жылдай бұрын үйленгендіктен  өз отбасына   да тірек болуы керек. Ата-ана, отбасы алдындағы  жауапкершілік Алмасты одан әрі  дамуға жігерлендірді. д Ал, Ақтаудағы оқу орталығы туралы жақсы лебізді сонда оқитын достарынан естиді де,    барып, оқуға түседі. 

 Ұсынылған мамандықтардың ішінен мен «сырлаушы» мамандығын таңдадым. Әр түрлі саладан жинаған бай тәжірибеме қарамастан, жаңа мамандықты « нөлден»  бастауға тура келді. Белгілі бір біліктілікке қол жеткізсем, ол жаттықтырушыларымыздың қисапсыз еңбегі, - дейді Алмас.

 Ақпан айында ол курстарды бітіріп, бірден «Denholm Zholdas» кәсіпорнына жұмысқа орналасады.   Оқыту орталығының қызметкерлері түйіндемені қалай сауатты жазу керектігін көрсетіп, жұмысқа орналасуына  септігін   тигізеді.  

 Осы және басқа да мысалдар (олар көп, барлығын айта беруге болады) - ТШО қаржыландыратын кәсіби-техникалық мамандықтарға жыл сайын оқыту жөніндегі бағдарламаның Атырауда қалай тиімді іске асырылып жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, осы бағдарлама бойынша кез-келген жұмыссыз немесе кәсібін өзгертіп, жаңа дағдыларды игергісі келетіндер жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілікке және қайта даярлыққа ие бола алады. Осы бағдарламаның арқасында адамдар жаңа мүмкіндік алады!

6 мамыр 2022, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.