Атырау, 21 желтоқсан 00:06
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​Ресейлік сот Каспий құбыр консорциумының қызметін бір айға тоқтатты

1 694 просмотра

Новороссийскінің Приморск аудандық соты құжаттық заң бұзушылықтар үшін «КТК-Р» компаниясының қызметін 30 тәулікке тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ресейдің ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Каспий құбыр консорциумы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот мұнайдың апаттық жағдайда төгілуін анықтаған. Сот шешімімен келіспейтін Каспий құбыр консорциумы қайта шағымдануға ниетті. 

«КТК-Р» АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге шегеру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды. Соттың 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылды: «КТК-Р» АҚ қызметін 30 тәулікке әкімшілік негізде тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады компания. 

Бұған дейін Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатқаны туралы хабарлаған едік.

6 шілде 2022, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.