Атырау, 6 қазан 05:26
 ашықВ Атырау +19
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Саған да жоқ, маған да жоқ

1 516 просмотра
Көрнекі сурет

Атырауда ажырасқаннан кейін бұрынғы әйелімен баспанасын бөліскісі келмеген (сот мүліктерін теңдей бөлуге қаулы шығарды) күйеуі балаларын қаңғытып жіберіп, ортақ үйін трактормен күреп тастады. 

38 жастағы Айнұр осыдан сегіз жыл бұрын бір баласымен өзінен 18 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол күйеуінен қазір екі ұлы бар.

Оның айтуынша, отбасылық айқай-шу күйеуінің өгей ұлын жақтырмауынан басталған. Өткен жылы сот оларды заң жүзінде ажырастырып, мүліктерін теңдей бөліп берген. Бірақ күйеуі бұл шешімге риза болмай, жылдар бойы  қабырғасын бірге қалаған баспанасын трактормен күреп тастады. 

- Оны тіпті сот шешімі де тоқтатпады. Баспанасыз қалдық. Қазір кішкентай балаларыммен туысқандарымның үйін паналап жүрмін, - дейді Айнұр. 

Ер адам «АЖ»-мен байланысқа шықпады. Ал бұрынғы әйелі полицияға арызданған. 

- ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы бойынша («Өзінше билік ету») қылмыстық іс қозғалды, - дейді Атырау облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасының аға анықтаушысы Елдос ТҰҚПАТОВ. - Қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Фархат АБИЛОВ

13 маусым 2022, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.