Атырау, 22 желтоқсан 15:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жанжалдасқан жанкүйерлер айыппұлмен жазаланды

1 546 рет қаралды

Бүгін, 20 маусымда Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша 28 тұлғаға қатысты іс қаралды. Еске салсақ, кеше «Атырау» - «Ақтөбе» футбол матчы басталар алдында «Мұнайшы» стадионы маңында қос команда жанкүйерлері арасында қақтығыс болған еді.

Қатысушылардың екеуіне 15 315 теңге, қалғандарына 10 721 теңге көлемінде айыппұл салынды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұл салынғандардың 25-і - Ақтөбе тұрғындары.

- Әкімшілік жазаны тағайындау кезінде сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Олардың жасаған әрекетіне өкінгені, отбасылық жағдайы, сондай-ақ алғаш рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

20 маусым 2022, 23:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.