Атырау, 26 сәуір 23:01
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Төбелеспен басталып, жеңіліспен аяқталған матч

928 просмотра

19 маусым күні Атырауда жергілікті команда мен «Ақтөбе» командасы арасында футболдан ҚР чемпионатының 14-турының ойыны өтті. Бұл жанкүйерлердің бұрыннан келе жатқан жанжалы ма, әлде жаңа нәрсе ме, бірақ ойын басталмай жатып екі команданың жанкүйерлері төбелесіп, қайдан шыққаны белгісіз, тарсылдаған дыбыстар естілді. Дегенмен матч өтті.

Осыған байланысты Атырау облысының полиция департаменті былай деп хабарлайды: «19 маусым күні сағат 17:55 шамасында Атырау-Ақтөбе футбол құрамаларының ойыны басталмас бұрын стадион алдында жанкүйерлер арасында қақтығыс орын алған. Полиция қызметкерлері қоғамдық орында құқық бұзушылыққа жол берген 30 тұлғаны Атырау қалалық полиция басқармасына жеткізді. Тиісті іс-құжаттар жинақталуда. Әлеуметтік желіде қару қолданылған деп таралған ақпараттың жалған екенін қаперіңізге береміз. Жанкүйерлер түрлі-түсті дыбысты түтін шығаратын арнайы құралдар қолданған. Жарақат алғандар жоқ». 

Егер сізді матчтың нәтижесі қызықтырса, онда ол 2:0 есебімен меймандардың жеңісімен аяқталды. 

Айнұр САПАРОВА

20 маусым 2022, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.