Атырау, 21 желтоқсан 20:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды

Бейнежазба
2 023 рет қаралды

Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз бронд­алған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырыс­қан. Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға жед­ел ақпаратты Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесі­лі аталған әскери көлік табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта атал­ған факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша сотқа дейі­нгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрін­де бұлтартпау шарасы таңдалды. 

Айта кетейік, Атырау облысы Полиция департаменті атыс қаруларымен, оқ-дәрі және жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстың алдын алу үшін, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 25 сәуірден бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруларын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын жүргізуде. Мемлекет азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәріге және жарылғыш затқа 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеген.


27 сәуір 2022, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.