Атырау, 2 мамыр 08:36
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Киікке тиіспе!

1 672 просмотра

2021 жылғы санақ бойынша БҚО өңірінде 545 мың, Бетпақдалада 285 мың, ал Үстіртте – 12 мың киік мекендейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Киік-2022» табиғатты қорғау акциясына орай өткізілген брифингте айтылды.

Еске салсақ, елімізде 2023 жылға дейін киікті атуға тыйым салынған. Акция киік төлдеу уақытында - 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында жүреді.

Акцияның мақсаты - браконъерлік фактілердің алдын алу, дериваттарын сақтау, заңсыз сауда айналымын тоқтату.

«Охотзоопром» ӨБ РМҚК бас маманы Дәурен ИСАЕВТЫҢ айтуынша, акция еліміздің киік мекендейтін 13 облысында жүріп, оған 430-ға жуық маман, 90 жол талғамайтын джип және 34 КамАЗ автокөлігі  жұмылдырылды.

- Тас жолдарда мобильдік топтар, блок бекеттер жұмыс істейді. Сонымен қатар, мониторинг топтары екі тікұшақпен әуеден және жерден автокөлікпен санақ жүргізеді, - дейді ол.

Облыстық полиция департаменті табиғат қорғау полиция тобының аға инспекторы Бейбарыс МАМАЙДЫҢ айтуынша, былтыр жануарлар әлемі саласында 60 құқықбұзушылық тіркелген. Соның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы ("Аң аулау қағидаларын бұзу") бойынша 50-ден астам хаттама толтырылып, құқықбұзушылардан тегіс ұңғылы аңшылық қару тәркіленген. Одан бөлек, ҚР ҚК-нің 339-бабы ("Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу") бойынша 12 қылмыстық іс қозғалып, оның жетеуі сотқа жолданған.

Айнұр САПАРОВА

13 сәуір 2022, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.