Атырау, 5 мамыр 02:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Пара алғандардың арасында жол инспекторы, еңбек инспекторы, ауыл әкімі және т.б. бар

1 821 просмотра

Қазіргі уақытта жүк тасымалдаумен айналысатын тұлғалардан бірнеше рет жалпы сомасы 10 миллионнан астам теңге пара алу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол республикалық маңызы бар жолдарда кедергісіз өту, әкімшілік жауапкершілікке тартпау және жалпы қамқорлық жасағаны үшін пара алды деп күдіктелуде.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдері брифинг барысында мәлім етті. Тергеу сотының санкциясымен күдікті үйқамаққа алынды.

Бұдан басқа, ЖК өкілінен бір көзден келісімшарт жасау арқылы тендер алғаны үшін пара алу фактісі бойынша Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің әкіміне қатысты; өндірістегі жазатайым оқиғаны тексеру кезінде оң шешім шығарғаны үшін ЖШС өкілінен пара алу фактісі бойынша облыстың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының инспекторына қатысты; жұмысқа орналастырғаны үшін пара алу фактісі бойынша Махамбет аудандық мәдениет бөлімінің аудандық «Өнерпаз» Мәдениет үйінің басшысына қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда.

Жыл басынан бері департаментте барлығы 65 қылмыстық іс қаралса, бүгінде 15 іс аяқталып, сотқа жолданды. Тергеу әрекеттері барысында 20,2 млн теңге залал өтелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 сәуір 2022, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.