Атырау, 29 наурыз 10:52
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Ақ ұнтақ» сақтаған тағы бір тұрғын ұсталды

1 741 просмотра

Атыраулық полицейлер синтетикалық есірткі затын сақтаумен айналысқан күдіктіні ұстады. Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 27 жастағы қала тұрғынын тоқтатып, тексеру кезінде 60 орам есірткі зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл салмағы 33 грамм болатын синтетикалық есірткі заты болып шықты.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлады Атырау облысы ПД бастығы Нұрхат ОРАЗБАЕВ. 

Айта кетейік, бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Ұсталған азамат Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

23 мамыр 2022, 19:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.