Атырау, 6 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +14
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Хиуаз Доспанованың әкесі қайсар қызды тәрбиелеп шығарды

Сурет
2 519 просмотра

15 мамырда Ұлы Отан соғысының ұшқышы, жерлесіміз Хиуаз ДОСПАНОВАНЫҢ туғанына 100 жыл толады. Бұл ержүрек қыздың сол соғыстың қаһарманына, фашистік басқыншылар үшін «түнгі мыстанға» айналғаны біз үшін үлкен мәртебе. Ал осындай қызды өсірген кім? Бұл сұраққа ҚР Президенті Архивінің қызметкері Дайана ТОҚБЕРГЕНОВА жауап береді.

Архивтегі құжаттарға сүйенсек, Хайыр ДОСПАНОВ 1884 жылы Батыс Қазақстан облысының Теңіз ауданында  дүниеге келген. 1917 жылы Ганюшкино ауылында миллиционер болып жұмысқа кіріп, 1924 жылға дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқарған. Кейін Бөкей губерниясында сот мүшесі, Алматы қаласында бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары болды. 1931 жылы туған өңіріне оралып, Маңғыстау және Шалқар аудандарында жұмысшы-шаруа инспекциясының төрағасы қызметін атқарды. 

Кейінірек Алматы облысының бақылау органдарында жұмыс істеп, 1952 жылы Ганюшкино ауылында, өз туған жерінде көз жұмды. Кадр бөлімінің жеке парағында Хайыр Доспанов орыс, татар тілдерін білетінін көрсеткен. Отбасылы екенін, Меруерт деген жұбайы барын, Белмерген, Марат, Хиуаз, Алма есімді төрт баланы тәрбиелеп отырғанын жазған.

Бір қызығы: Доспановтың мансап жолы өзгеше. БКП (б) Қазақ КСР бойынша берілген мінездемелерде, мысалы, оның «қызметкерлерді таңдау, басқару жағы әлсіздеу, ұйымдастырушылық қабілеті төмен», бірақ «саяси сауатты, партияға сенімді адам, әрі тәртіпті, топтық бұзушылықтарға қатыспаған» деп сипаттайды.

Міне, осындай адал партия мүшесі басқа балаларымен бірге жауынгер қызды дүниеге әкелді, онсыз біздің ортақ Отанымыз фашистік басқыншымен болған жанкешті шайқаста жеңе алмас еді.

Хиуаз Доспанова небәрі 19 жасында соғысқа аттанып, түнгі бомбалаушы авиаполк құрамында штурман-атқыш болған. Солтүстік Кавказда, Закавказьеде, Украинада, Белоруссияда 300-ден аса жауынгерлік операция орындаған. Екі рет ауыр жараланып, кейін ұрыс даласына қайта оралып, Берлин түбінде Жеңісті қарсы алды. Бейбіт уақытта дүниеден өткенше мемлекеттік және қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысты, бірақ бұл жөнінде баршаға аян.

Қайсар қыз қазір не дер еді? Оны ешкім білмейді.

...Батырларға мәңгілік тағзым!

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

16 мамыр 2022, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.