Атырау, 22 желтоқсан 13:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атырауда жаяу жүргіншілер жерүсті өткелін елемей, астынан жүгіріп өтеді

100 рет қаралды
Видеодан стоп-кадр
Видеодан стоп-кадр

Атырауда Сәтпаев даңғылында, «Академия» аялдамасы маңында тұрғындар мен жүргізушілер қауіпті көрініске жиі куә болуда. Жаяу жүргіншілер, соның ішінде балалар да, жолүсті өткелін пайдаланбай, өткел астындағы жолдан өтеді.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар көлік қозғалысы өте қарқынды болса да, жолды белгіленбеген жерден жүгіріп кесіп өтеді. Жол үстіндегі көпірдің дәл қасында тұрғанына қарамастан, оны пайдаланбайды. Мұндай әрекет жаяу жүргіншілердің де, жүргізушілердің де өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Осыған байланысты полиция аталған аумақта бақылауды күшейтті. Департаменттің мәліметінше, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге әкімшілік хаттама толтырылады.

— Жол қозғалысы ережесін бұзған жаяу жүргіншілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады, олардың үстінен хаттама жасалып, тиісті шаралар қабылданады, — деп хабарлады полиция.

Құқық қорғау органдары қала тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін сақтап, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді пайдалануға шақырып, қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.

Айгүл МАНСУРОВА

Бүгін, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.