Атырау, 21 желтоқсан 11:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Тетігі көп телефон

Атыраулық «Алтел» компаниясы кеңсесінің клиенттерге қарым-қатынас жасау тұрғысындағы қызметіне өз наразылығымды білдіргім келеді. Жақында сол жерден HTC EVO 4G маркалы телефонды нөмірімен бірге сатып алған едім. Алайда сатып алған затымды бірден ала алмадым. Өйткені қоймашы орнында болмай шығып, ол тек сағат 15-терге таман ғана жұмысқа келді. 4 мамыр 2011, 21:25 2 768 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ешқандай ақша берілмейді

- Мен бір мекемеде 3 ай жүктілік мерзімімде биылғы ақпан айында өз еркіммен жұмыстан шығып кетіп едім. Онда небары 6 ай ғана жұмыс істедім. Содан бері екі ай өтті. Төлем орталығына 3 ай бойы ғана зейнетақы есепшотыма ақша түсіп тұрды. Декреттік демалысым мамыр айында бітеді. Маған бұл жағдайда декреттік жәрдемақы қалай төленеді? Ол үшін қандай құжаттарды және оларды қайда тапсыруым қажет? 4 мамыр 2011, 16:11 2 300 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұйымдарды ҚҚС-тан босатудың өз тәртібі бар

– Маған стоматологиялық кабинет үшін  керекті техника әкелу керек. Мен дәрі-дәрмектің қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуден босатылғандығын білемін, ал, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қатысты қалай болмақ? 27 сәуір 2011, 19:47 2 801 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бәрі бұрынғыша қалды

– Мен Өзбекстан азаматымын. Осында келген кезімде көші-қон полициясына тіркелген едім. Бір айдан соң тіркеу мерзімін тағы 30 күнге ұзартып алдым. Ал жақында маған тіркеу мерзімін тек 10 күнге ғана берді. Неліктен? Заңнамаға өзгерістер енген бе? 20 сәуір 2011, 19:51 2 349 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жазбаша өтініш жазыңыз

– Мен кеніште химиялық талдау лаборанты боп жұмыс істеймін. Жеке еңбек келісім-шартында зиянды өндірісте жұмыс жасайтындығым көрсетілмеген. Бірақ бензин, мұнай және басқа да зиянды химиялық қоспалармен жұмыс істеуіме тура келеді. Лаборанттың  жұмысы зиянды деп есептеле ме? Осыған қатысты қайда хабарласқаным жөн? Менің жұмыс берушім жұмыстың зиянды еместігін, жұмыс орнындағы өлшегіш құрылғылардың рұқсат етілген мөлшерді көрсетіп отырғандығын растап отыр. Алайда басқа кеніштерде лаборант боп жұмыс істеген кезімде жеке еңбек келісім-шартында жұмыстың зиянды екендігі көрсетіліп, бізге үстеме ақы төлейтін. Жұмыс орнындағы зияндылық мөлшерін анықтау қаншалықты жиі жүргізіліп тұруы тиіс? 20 сәуір 2011, 19:54 2 643 рет қаралды
Пайдалану мерзімі бес жыл Сұрақ-жауап

Пайдалану мерзімі бес жыл

– Келесі аптада үйіме су есептегіш құралын орнатпақпын. Сумен қамту төлемақысы қандай болмақ? Өйткені жарты ай бойына есептегішім болған жоқ қой. Екіншіден, көршілер 2010 жылдан кейін шығарылған есептегішті сатып алу керек дейді. Осы рас па? 20 сәуір 2011, 19:56 2 748 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек демалысыңыз қалай төленбек?

- Менің мамандығым - мұғалім. Мектепте бір жерде 18 жыл қызмет еттім. Қазір декреттік демалыстамын. Былтыр кезекті демалыстан соң, тамыз-қыркүйек айларында жұмыс істеп, қазанның 10-ынан ақпанның 15-іне дейін декретке шықтым. Қолыма баланы босануыма байланысты бір реттік жәрдемақымды алдым. Содан бері қазір үйде бала күтімімен отырмын. Білгім келгені, маған еңбек демалысының ақшасы төлене ме және қандай уақыт мерзіміне байланысты берілуі тиісті? Себебі, есеп бөліміндегілер тек тоғыз күнге ғана есептеп отыр. Одан басқа, мұғалімдерге тиесілі бір жолғы сауықтыру жәрдемақысы деген төлене ме? 20 сәуір 2011, 22:16 3 849 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты

Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот  жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма?  20 сәуір 2011, 22:19 2 296 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Екі жәрдемақы алуға болмайды

– 1998 жылы мен ІІІ топ мүгедектігін алдым, қазір мүгедектігім бойынша жәрдемақы аламын. Қазіргі уақытта жұмыста жоқпын. 58 жасқа толған бойда №2 тізімдегі 12-ші бөлімде қарастырылған көп жылдар бойына ауыр жағдайда жұмыс жасағандығым туралы анықтаманы рәсімдеген едім. Бұл маған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қорынан төлемақы алуға мүмкіндік береді. Маған енді қай жәрдемақы тиесілі – екеуі де ме, әлде тек біреуі ме? 13 сәуір 2011, 20:46 2 249 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тұрғын үй жәрдемақысы кестемен беріледі

– Отбасымыз тұрғын үй жәрдемақысын алады, алайда оны бізге тоқсан сайын бір рет төлеп тұрады. Ал коммуналдық есеп-шоттар ай сайын келеді. Уақытында төлемегендіктен «Атырау-Жарықпен» проблемалар боп жүрді. Энергетиктер токты ажыратпас бұрын неге тұрғын үй жәрдемақысын алу кестесін ескермейді? 13 сәуір 2011, 20:47 2 506 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Телеарнаға бақылау жасалады

– Бұрын «31» телеарнада «жүгіртпелі жолға» қатысты проблема болатын. Оны кадрдың дәл ортасына дерлік жіберетін. Енді жарнама мәтінін субтитрды жауып тұратын фонға қоятын болыпты. Кейде сүйікті сериалыңның нағыз қызық жеріне келгенде жарнама мәтіні шыға келеді... 13 сәуір 2011, 21:13 2 170 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қос тілдің құқы тең

– Жақында қаладағы мекемелердің бірінде менен басшының атына орыс тілінде жазылған хатты қабылдаудан бас тартты. Хатшы қыз өтінішті тек мемлекеттік тілде ғана қабылдау жөнінде мекемеішілік бұйрық бар екендігін желеу етті. Мен түсіндіруді талап еткен соң ғана хатымды қабылдады. Содан соң мұны жергілікті деңгейдегі бастықтардың жеке бастамасы деген тұжырымға келдім. Егер қолданыстағы заңға  қандай да бір түзетулер енгізілген болса, халық бұл туралы хабардар болып, хатты бірден талапқа сәйкес жазған болар еді. Бәлкім, менің білмейтінімдерім бар шығар? 13 сәуір 2011, 21:19 2 628 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз!

Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді.  Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген. 13 сәуір 2011, 21:34 2 807 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Суару үшін су тарифі бөлек

- Жеке сектордың тұрғындарына қалалық суару құбырына қосылуына бола ма?  Жалпы өз көшеттерімізді су құбырының суымен суаруға дайынбыз. Алайда бұл үшін төлемнің жоғарғы тарифпен алынбайтындығына көз жеткізгіміз келеді. 6 сәуір 2011, 20:29 2 480 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Салық туралы ұмытпаған жөн

- Осыдан үш жыл бұрын мен жеке кәсіпкерлік ісімді ашқан едім. Алайда, кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндігім болмады. Салық комитетіне есеп те тапсырғаным жоқ, тіпті, сол үш жылдың ішінде бірде-бір рет барып көргенім жоқ. Енді келіп мені таныстарым айыппұл төлейсің деп қорқытып қойды. Олардың айтып отырғандары рас па және мен  сол мәселеге қатысты түсінік алу үшін қайда жолыққаным дұрыс? 30 наурыз 2011, 20:27 2 715 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құжаттар жолданды

- 1990-шы жылдары Ленинград облысына тұрақты мекен-жайға көшіп бардым. Енді маған зейнетақы рәсімдеу оңай болмай тұр. 2008 жылы Атырауға келіп, өзім жұмыс істеген теміржол бөлімшесіне келіп, барлық қажетті құжаттарды мұрағатшыға қалдырып кеткен едім. Ол зейнетақы рәсімдеу үшін анықтама дайындап қоюға уәде берген еді, бірақ уәдесінде тұрмады. 2011 жылдың 11-ші қаңтарында қайтадан кадрлар бөліміне хат жолдадым, енді тағы күтудемін. 30 наурыз 2011, 20:32 2 751 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бейнежазба 30 күн сақталады

- Лесхоз ықшам ауданындағы ауламызға бейнебақылау камерасы орнатылған. Ол жұмыс істей ме, жоқ па, білмейміз. Жақында көршіміздің жайып қойған кірін ұрлап кеткен еді. Ұрыны табуды ұйғардық, өйткені оны өзіміздегі біреулер ұрлады деп күдіктеніп отырмыз. Әрине, полицияның ұрланған кірден басқа да анағұрлым маңызды істері бар, бірақ полицияның аты полиция ғой. 23 наурыз 2011, 19:46 2 612 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жеке сот орындаушы болу оңай емес

- Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне ресми рұқсат етілген деп естідім. Менің заң білімім бар, әскер қатарында болдым, сотталмағанмын. Жеке сот орындаушыларына қандай талаптар қойылады және лицензия алу үшін не істеу керек? 23 наурыз 2011, 19:48 9 673 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтамалықтар қолданылмайды

- Атырау қаласының жаңартылған телефон анықтамалығы осыдан шамамен төрт жыл бұрын шығарылған болатын. Осы уақыт ішінде көптеген нөмірлер ауысып, кәсіпорын мәліметтері ескірген еді. Жақын уақытта Қазақтелеком жаңа телефон анықтамалығын шығаруды жоспарлап отырған жоқ па? 23 наурыз 2011, 19:51 2 878 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мегалайн қызметіне сұраныс мол

- Бір ай бұрын «Қазақтелеком» АҚ-на «Мегалайн» қызметін қосуға өтініш берген едік. Бір ай өтті, бірақ бізді әлі қосқан жоқ. Қазақтелеком қызметкерлері қосуға қатысты кешеуілдеуді қазіргі кезде бос порттардың жоқтығымен түсіндіреді. Кейбір таныстарымыз Мегалайнға қосылуды үш айлап, кейде жарты жылдап күтуде. «Қазақтелеком» Атырау филиалында «Мегалайн» орнатуды жылдамдату үшін қандай шара алынуда? 23 наурыз 2011, 19:52 2 647 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Мұрағатқа сұраныс жіберіңіз

- Фин соғысына кеткен адамның мұрағат мәліметтерін табу үшін қайда хабарласу керек және оған не қажет? Әлі күнге дейін туысқандары одан еш хабар ала алмаған. Сұраныс жіберетін электронды мекен-жай бар ма және бүкіл іздеу процесі қанша уақыт алады? 23 наурыз 2011, 19:54 2 820 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дерекқорға енгіземіз

- Мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz сайтына жеке бас куәлігім мен ЖИН мәліметтерін енгізген едім. Дерекқор қате үйдің мекен-жайын көрсетті. Не істеуім керек? - Мен сайлаушылар тізімінде жоқпын. Қайдан тіркелуге болады? 16 наурыз 2011, 02:02 2 464 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Дерекқорға енгіземіз

- Мен ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz сайтына жеке бас куәлігім мен ЖИН мәліметтерін енгізген едім. Дерекқор қате үйдің мекен-жайын көрсетті. Не істеуім керек? - Мен сайлаушылар тізімінде жоқпын. Қайдан тіркелуге болады? 16 наурыз 2011, 15:03 2 425 рет қаралды
Сұрақ-жауап

«01» пультіне қосылу міндетті

- Жақында біздің кәсіпорынға Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен өртке қарсы дабыл қағу жүйесін орталық «01» қызметінің орталықтанған пультіне қосу қажеттілігі туралы хабарлама келді. Бұл үдеріс қаншалықты міндетті? Өйткені біздің кәсіпорын дабыл қағу жүйесін орнату үшін бір мекемемен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда оның пультке қосылуға лицензиясы жоқ. 9 наурыз 2011, 21:39 2 332 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңсыз спирттік ішімдіктерді сату қымбатқа түседі

- Мен арақ-шарап өнімдерін лицензиясыз сататын бірнеше дүкендерді білемін. Олардың қызметін кімдер бақылауға алады және заңсыз спирттік ішімдіктерді сатқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қандай? 9 наурыз 2011, 21:44 4 321 рет қаралды