Атырау, 21 желтоқсан 11:51
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

«Жою» операциясы

– Грибоедов көшесінің қиылысында  және Кирпичный өткелінің асфальтты жолының астындағы ескі су құбырынан су кетіп, өткен жылы ғана төселген асфальттің беті көтеріліп, жарамсыз болып қалуда. Бір айға жақын уақыт өтсе де бұл мәселеге қатысты бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. 28 шілде 2011, 22:31 2 511 рет қаралды
Кернеудің кесірі Сұрақ-жауап

Кернеудің кесірі

– Нәжімеденов көшесіндегі 13 шақты жеке үйлер жалғанған электр желісінің тозығы жеткен бөлігіне қатысты кімге шағымдануға болады? Кернеу үнемі құбылып тұратындықтан тұрмыстық техникалар жанып кетеді. Ал ақыр аяғында кінәлілерді таба алмайсың. «Атырау Жарықтың» бригадасын шақыртсақ, олар тек тиесілі шамадан екі есеге төмен кернеуді өлшейді де қояды. Бұл жағдай 2007 жылдан бері жалғасып келеді. Округтағы бүкіл үйді жаңа желіге ауыстырды. Ал біз бұрынғыша қалдық. Ильич шамы керосин шамынан да күңгірт тартып тұр. Егер мүмкін болса, «Атырау Жарық» басшылығына осы өтінішімізді жеткізсеңіздер екен, әйтпесе оларға жете алмай отырмыз. 21 шілде 2011, 01:56 3 041 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Еңбек дауы сотпен шешіледі

– Мен ұзақ уақыт бойына Алматы қаласында тіркелген ірі АҚ-лардың бірінің атыраулық филиалында жұмыс істедім. Еңбек келісім-шарты жергілікті филиалмен жасалды. Филиал толыққанды жұмыс жүргізетін және оның өзінің мүлкі (көлігі, жылжымайтын мүлігі) бар болатын. Мен жұмыстан кеткеннен кейін ақырғы есеп-айырысуға қатысты дау туындады. Сотқа бермекші едім, бірақ маған ол үшін Алматы қаласына барып, талап арызды сол жерге беруге тура келетінімді, өйткені АҚ-ның бас кеңсесі Алматыда екендігін айтты. Айтыңызшы, менің еңбек дауымды Алматы қаласында қарау міндетті ме, әлде осы жерден, Атыраудан талап-арыз беруіме бола ма? 21 шілде 2011, 01:58 2 454 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Келбетін көрсем деп едім…

– 1914 жылы туылған атам Мұхтар Баймағамбетов Ұлы Отан соғысы кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қолымызда оның бірде бір фотосуреті қалмапты. Әскери комиссариаттың мұрағатында атамның фотосуреті сақталуы мүмкін бе? 14 шілде 2011, 22:11 2 502 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ереже баршаға бірдей

– Жол қозғалысының ережесі жол-патрульдік қызмет қызметкерлеріне де қатысты ма, жоқ па, нақтылағым келген еді. Жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің рөлде отырып, ұялы телефонмен де сөйлесетіні, алдыңғы және артқы әйнектері күңгірттелген көліктерімен де жүретіні құпия емес. Менен дәлел талап етудің қажеті жоқ, оны қарапайым көзбен көруге болады. Жақында жол-патрульдік қызметінің қызметкері алдыңғы бүйір әйнегіндегі тор үшін айыппұл салды (олар әйнекке сорғыш арқылы бекітіледі). Ал өзі сол кезде күңгірттелген жеке көлікте отырды. Мұны қалай түсінуге болады? 14 шілде 2011, 22:52 2 550 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отанмен қоштасу оңай емес

– Мен Ресейге тұрақты түрде қоныс аудармақпын. Бірақ бір проблема болып тұр. Ешқайда тіркелмегендіктен, маған есептен шығудың да қажеті жоқ. Ресейге тіркелер кезде Атыраудан есептен шығу талонын талап етсе не істеймін? 7 шілде 2011, 19:09 2 612 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Құрылысқа салған қаржым құнсызданып қалды...

- 2007 жылы мен құрылыс компаниясының бірімен көп қабатты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасқан болатынмын. Алайда компания өз міндетін орындаған жоқ, яғни, құрылысы 2008 жылы бітуге тиісті болған үй әлі күнге тапсырылмай отыр.  Ал, құрылысты салушы компания ақшаны қайтаруды тіпті, қаламайды да. Өз ақшамды қайтаруға тырысқан нәтижесіз әрекетімнен кейін  мен 2009 жылы сотқа шағымдандым. Сот бұл істі менің пайдама шешіп берді және құрылыс компаниясына пәтер үшін төленген ақшамды қайтарып беруді міндеттеді. Бірақ... 30 маусым 2011, 18:58 2 270 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бағдарлама - президенттікі, ақша – сіздікі

– Біздің подъезіміздің есігінде президенттің «Ұлт  саулығы» бағдарламасы аясында ақылы компьютерлік диагностика жүргізіледі деген жарнамалық  хабарландыру ілініп тұр. Шындығында осындай бағдарлама бар ма? Және жеке кабинеттердің бұған қандай қатысы бар? 30 маусым 2011, 19:01 2 627 рет қаралды
Сағындырған салқын су Сұрақ-жауап

Сағындырған салқын су

– Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32, 32-а үйлердің тұрғындары атынан шағымданып отырмыз. Суару маусымы басталғаннан бастап, біздің үйлеріміздегі салқын судың қысымы күрт төмендеп кетті. Салқын су түнде ғана жүреді, оның өзінде сыздықтап  қана ағады. Өткен жылы біздің ауданымызда жаңа насос орнатылды. Оған Сәтбаев бойындағы №8, 10, 12 үйлерді қосты. Оларда су тіпті, 5-ші қабатта да жақсы жүруде. Біздің ПИК-тің жіберген хатына қалалық әкімдіктен жауап келді. Онда өткен  көктемде барлығы дұрысталады делінгенімен, әзірге ештеңе істелінген жоқ... 30 маусым 2011, 19:05 2 935 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сарышаян сарыуайымға салды

- Біз Жерұйық мөлтек  ауданында жеке үйде тұрамыз. Жақында мен үйдің ішінен сарышаянды тауып алдым, енді соған қатты алаңдаулымын. Адамдар үшін сарышаяндар қаншалықты қауіпті, егер ол шағып алған жағдайда қандай ма бір қызмет мекемелерін шақыруға бола ма? 23 маусым 2011, 19:56 5 461 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қорғастағы жайсыздық

- Мен үй салып жатқандықтан Қытайға тауар үшін бара жатқан таныстарымнан ламинат, есік секілді басқа да материалдарға тапсырыс берген едім. Міне, содан бері екі ай өтті, менің таныстарымның тауарлары, оның ішінде менің де тауарларым Қорғаста тұр. Дұрыс рәсімдеу жүргізімегендігінен тауарларды контрабанда есебінде тәркілеу мүмкін деген әңгімелер де айтылып жатыр. Тауар шекарада енді қанша уақытқа дейін тұрады? 23 маусым 2011, 20:02 2 274 рет қаралды
Масалармен күрес тәуліктік режимге көшті Сұрақ-жауап

Масалармен күрес тәуліктік режимге көшті

- Жаз айларының басталғаны сол, біздің  ескі әуежай ауданында масадан қорғану қиын болып барады.  Балалардың  үстінің сау-тымтығы қалған жоқ. Масаларды өлтіру бойынша шаралар неге алынбай жатыр? 23 маусым 2011, 20:06 3 279 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Миллион кімге бұйырады?

– 2011 жылдың 16 желтоқсанында дүниеге келетін балаларға 1 млн. теңге мөлшерінде бір мәрте берілетін жәрдемақы төленеді деп естідім. Өйткені тәуелсіздіктің 10 жылдығы қарсаңында дүниеге келген балалар кезінде 100 мың теңгеден алды ғой.  Осы рас па? 16 маусым 2011, 00:58 2 714 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Запорожскийге жаңа құбыр төселеді

– Екінші аптадан бері сусыз отырмыз. «Атырау су арнасына» қоңырау шалған едік, бірақ ондағылар ештеңе түсіндірмеді. Көршілердің бірі су арнасындағылар суды апаттың салдарынан жауып тастағанын, бірақ ақауды жою үшін еш жұмыс жүргізілмей жатқандығын айтады. Көшемізде 30 шақты үй болса, көбінің үйінде бала бар. Сусыз қиын боп тұр. 16 маусым 2011, 00:59 2 077 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Қателік болмас үшін құжат керек

– Маған пәтерімнің банкте кепілдікте тұрмағандығы туралы анықтама қажет болған еді. Жалпы мұндай анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығы тек жеке бас куәлігімді көрсеткен жағдайда бере алады. Ал іс жүзінде олар мүлікке құқығымды растайтын құжаттар әкелуімді өтінеді? Не үшін? 16 маусым 2011, 01:07 2 103 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Кафе салуға кім рұқсат берген?

– Өткен жылы Авангард ықшам ауданындағы №24 үйдің жанындағы балалар алаңының орнынан екі қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты салына бастады. Қазір құрылыс тоқтап қалды. Үйіміздің негізгі коммуникациясының болашақ кафе іргетасының дәл астында орналасқаны бізді алаңдатады. Қалалық әкімдіктегілер құрылыстың сот ісіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Біз мынаны білгіміз келеді: балалар алаңын кері қайтара ма және жалпы сәулет басқармасындағылар көппәтерлі тұрғын үй коммуникациясы өтетін жерге кафе салуға қалай рұқсат берген? 16 маусым 2011, 01:14 2 241 рет қаралды
Күрелмейтін үйлер де бар Сұрақ-жауап

Күрелмейтін үйлер де бар

– Ата-анам Әуезов, 28 мекен-жайындағы ескі екі қабатты жиналмалы-қалқанды үйде тұрады. Олар бұл үй таяу уақытта күреле ме, соны білгілері келеді. Әуезов, 25 мекен-жайындағы осындай үй күрелген еді. Енді осы жерге жаңа тоғыз қабатты үй салынуда. Олар үйдің фотосуретін тіркеп әкімдікке бірнеше рет хат жазған, бірақ ақыры нақты жауап ала алмады.  Бұл үйді осыдан 20 жыл бұрын күрейміз деген еді. Үйдің сырты түгел сыдырылып түсіп қалған, жөндеу жүргізу мүмкін емес.  Ғимарат «отырып» бара жатқандықтан үйде салқын су жоқ, ол тіпті қала картасында белгіленбеген. 16 маусым 2011, 01:16 2 551 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Сыйақы мұғалімдердің барлығына бірдей берілмейді

– Қазір қала мектептерінің мұғалімдері І-тоқсанның қорытындысы бойынша сыйақы алуда. Сөйтсек, оны аудандардағы мектеп қызметкерлері де алып жатыр екен. Облыстағы оқу орындарының оқытушыларына сыйақы тиесілі ме? 26 мамыр 2011, 15:59 2 301 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Техникалық тексеру талондары келді

- Жыл басында техникалық тексеруден өткен едім. Алайда талондардың тапшылығынан белгіні техникалық тексеру актісіне қойды. Наурызда және сәуірдің басында ІІД жол полициясы басқармасына хабаралсқанымда талондардың әлі келмегендігін айтқан еді. Енді бұл талондар келді ме, жоқ па? 26 мамыр 2011, 16:01 2 014 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әуре қылған тауар

- Жақын арада жанар-жағармай стансаларының бірінен ауа тазартқыш сатып алған едім. Ол жарамсыз боп шықты. Мен тауарды кері қайтарғым келген. Бірақ оны кассир чек соғып қойдым деп қабылдамай, тауарды әлдебір фирма жеткізеді, соған барыңыз дегенді айтты. Қандай ақымақтық десеңізші, қазір тауарлардың жартысы Қытайдан әке-лінеді емес пе?! Сапалық тұрғыда талап қою үшін Қытайға бармайтын шығармын. Ауа тазартқыш қымбат тауар емес. Оны лақтыра салуыма болар еді. Бірақ жанар-жағармай стансаларында азық-түліктерді де сатады ғой. Ал бұл жағдайда сапасыз тауар үшін кім жауап береді? 19 мамыр 2011, 18:23 2 761 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Әнтек әрекеттің әлегі

- 29-сәуірде коммерциялық кассалардың бірінен теміржол билеттерін сатып алған едім. Сатып алар кезде кассирге Шетпеге 6-мамыр күні таңертең жетіп және сол күні кешкісін кері қайтуымыз керектігін, бізбен бірге егде тартқан үлкен адам бар екендігін әлденеше рет түсіндірдім. Кері қайтарда кассирдің бізге Шетпе - Атырау бағытындағы билеттерді 6-мамыр күні сағат 00.25-те жүретін пойызға, яғни бір тәулік бұрын өтіп кеткен бағытқа жазып бергенін анықтадық. Айқай-шумен әжемізді қасына еріп жүрген адаммен бірге пойызға мінгізіп жібердік. Бірақ оларды Бейнеуде вагоннан түсіріп тастапты. Атырауға дейін олар әрі қарай таксимен жеткен. Жүйкені жұқартқан әбігердің, жол азабының салдарынан әжеміз ауырып қалды. 19 мамыр 2011, 18:29 2 232 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ыммен түсіну тіліне екі айда үйренуге болады

- Мен Атырауда сурдоаудармашылар жетіспейді деп естідім. Бір аудармашыға он саңырау-мылқау жаннан келеді екен, тіпті оған кезекке жазылатын көрінеді. Сурдоаудармашылардың жалақылары төмен дейді ғой, дегенмен мен оларды қайда оқытатындарын білгім келеді? Зағип жандардың қалай болғанда да жағдайын ойлаған жөн емес пе? 19 мамыр 2011, 18:31 3 714 рет қаралды